FlyArystan Прагаға ұшпайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әуекомпания баспасөз қызметінен Сурет әуекомпания баспасөз қызметінен

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 12 маусымда рейс ашамыз деп уәде бергеніне қарамастан, Прагаға ұшудан бас тартты. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 12 маусымда рейс ашамыз деп уәде бергеніне қарамастан, Прагаға ұшудан бас тартты. 

"Өкінішке орай Ақтау - Прага - Ақтау рейсінің тоқтатылғанын хабарлаймыз. Оған себеп: өндірістік жағдайларға байланысты, оның ішінде әуе кеңістігінің қазіргі жағдайда Прагаға рейсті орындау үшін қажетті қосымша қашықтыққа байланысты шығындардың ойламаған жерден өсуі әсер етті", - делінген жолаушылар алған әуекомпания хабарламасында. 

Лоукостер жолаушыларға ақшасын қайтарып беруге уәде берді, оның ішінде Қазақстанда түйісетін рейстердің билетінің де ақшасын қайтарып береді. 

"Осы бағытта билет сатып алған барлық жолаушыларға қажетті көмек көрсетеміз. Төленген қаражат автоматты түрде жолаушының картасына қайтарылады", - деп сендірді әуекомпания өкілдері. 

Сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар әуекомпанияның электронды поштасына жаза алады. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная