FlyArystan Ереванға рейстерді тоқтатты

FlyArystan жолаушылары Ереванға рейстерді тоқтату туралы хабарлама алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Сізге әуекомпанияға байланысты емес себептер бойынша Ереваннан/Ереванға рейстердің уақытша тоқтатылуы туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Әуекомпания жолаушылар билетті кез келген қолжетімді бағытқа (Қазақстан бойынша FlyArystan тоғысу рейстерін қоса алғанда) толық қайтара алатынын немесе қайта брондай алатынын хабарлады.

"Ақшалай қаражатты қайтаруды ресімдеу үшін билетті сатып алған орныңызға жүгінуіңізді сұраймыз. FlyArystan-ның кез келген қолайлы халықаралық бағытына қайта брондау бойынша қосымша сұрақтар бойынша бізге тікелей customer.relations@flyarystan.com поштамызға хабарласыңыз ", - деп хабарлайды тасымалдаушы.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!