FlyArystan әуекомпаниясы орындайтын Орал - Алматы рейсі кешіктірілді

FlyArystan әуекомпаниясы орындайтын Орал - Алматы рейсі кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі компанияның телеграм-каналына сілтеме жасап.

11 шілдеде 21:00-да орындалатын КC7166 Орал - Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілді. Рейс Орал қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 12 шілде сағат 09:20-да ұшуға жоспарланған.

"Біз жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз", - делінген әуекомпания хабарламасында.

Өтемақы ретінде FlyArystan жолаушыларға мынадай қызмет көрсетеді:

  • Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады;
  • Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз.
  • Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.
  • Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады.
  • Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.

Сілтеме арқылы өтіп сайттан рейстің статусын тексеруге кеңес беріледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!