Қазақстанда туризмді дамыту: қай өңірлерге басымдық беріледі?

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстанда алдағы жылдары туризм саласы қалай дамитыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

МСМ басшысының айтуынша, туризмді елдің экономикалық дамуының басым бағытына айналдыру.

"Атап айтқанда, осы саладағы жұмыспен қамтылған азаматтарымыздың санын 800 мыңға дейін, ал саладағы жалпы қосымша құн көлемінің өсімін 6 триллион теңгеге дейін ұлғайту. Қонақүй және тамақтану қызметтеріндегі инвестиция өсімін 260 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр", - деді министр.

Тиісті көші-қонды бақылау eQonaq электронды жүйесі және арнайы мобильді қосымшаларды енгізу арқылы іске асады. Сондай-ақ, уәкілетті органдармен бірлесіп, визалық, көші-қон саясатын либерализациялауға байланысты тәуекелдердің алдын алу жөнінде іс-шаралар қабылданады екен.

"Салынған қаражаттың тиімділігін бағалау үшін туристік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірлердің ұлттық рейтингтік бағасын енгізу жоспарланып отыр. Рейтинг Қазақстанның туристік картасына енгізілген басым бағыттар мен ТОП-50 дестинацияны қамтитын болады.

Өңірлік туризм саласындағы шағын, орта және ірі "зәкірлік" инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке капитал тартылады. Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Алматы тау-шаңғы кластері және басқа да орындар басым аймақтар ретінде қаралады", - дейді ол.

Даму аясында Имантау-Шалқар курортты аймағын дамыту аясында Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан жердің туристік-рекреациялық қызметінің жол картасын әзірлеу жоспарланып отыр.

"ТЖМ аумақтық бөлімшелерін туристердің жүріп-тұру маршруттары туралы хабардар ету бойынша талап енгізіледі. Бұл ақпарат іздеу іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету немесе эвакуациялау үшін аса маңызды", - деді Оралов.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!