Fly Arystan және Air Astana әуекомпанияларын бөлудің салдары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото©FlyArystan Фото©FlyArystan

Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің FlyArystan лоукостерін жеке компания ретінде бөлу туралы ұсынысына түсініктеме берді. Оның айтуынша, ең қолайлы нәтиже2024 жылдың аяғында болуы мүмкін. Әуекомпанияларды "күштеп бөлу" жағдайында FlyArystan экономикалық артықшылықтарын жоғалтып, билеттердің бағасы көтеріледі, -деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы profi.travel сайтына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

"FlyArystan үшін біз жеке есеп саясатын жүргіземіз. Бірақ бұл ретте қазіргі уақытта Air Astana тобында бола отырып, FlyArystan өте үлкен экономикалық артықшылықтарға ие - белгілі бір қызметтерді бас компания көрсетеді. Мысалы, ұшақтардың сублизингі кезінде Air Astana әуекомпаниясы лизинг берушімен келіскен мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады", - деді Питер Фостер.

Сонымен қатар, ол әуекомпанияның ұшқыштары екі бренд үшін де жұмыс істейтінін қосты. Лоукостерге техникалық қызмет көрсетуді Air Astana инженерлері жүзеге асырады. Сондай-ақ, әуежайларда FlyArystan-ға жерүсті қызмет көрсетудің көп бөлігін Air Astana жерүсті қызмет көрсету департаментінің қызметкерлері жүзеге асырады.

"Егер екі әуекомпаниялар күштеп бөлінсе, синергия мен экономикалық артықшылықтар жоғалады. Тиісінше шығыстар деңгейі, бүгінгі күні АҚШ-тың 4 центін құрайтын FlyArystan бір шекті жолаушы-километріне өзіндік құн көрсеткіші бірден өседі. Онда 48 доллар тарифін ұмытуға тура келеді. Бұл, әрине, саяхаттаушы қазақстандықтар үшін қолайсыз болады", - деп санайды Питер Фостер.

Қазіргі уақытта FlyArystan флоты 11 ұшақтан тұрады. Әуекомпания басшысының айтуынша, 2024 жылға қарай FlyArystan өз бетінше жұмыс істей алатындай ірі әрі мықты компания болады.

"Біз бұл сәт FlyArystan флоты 20-дан 25-ке дейін ұшақ болатын кезде келеді деп ойлаймыз. Қазіргі жоспарлар бойынша бұл кезең 2024 жылдың соңына қарай күтіледі. Біз мұндай уақыт аралығын бөлуді талқылай отырып қарастырамыз", - деді Air Astana компаниялар тобының президенті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная