Bek Air ұшағы апаты: ААК қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы аэродромға жарамдылық сертификатын берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы аэродромға жарамдылық сертификатын берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚР ҚК-нің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы "Кезекшілік міндеттерін орындамау" бойынша 2018 жылы Алматы аэродромына ұшуға жарамдылық сертификатын заңсыз берген ААК қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар 2018 жылы Алматы аэродромына заңсыз ұшуға жарамдылық сертификатын беріп, соның салдарынан Fokker-100 ұшағы апатқа ұшыраған. Қызметкерлер әрекетіне түпкілікті баға тергеу нәтижесі бойынша беріледі", - деді Асылов өз жауабында.

Бас прокурор 2021 жылғы қазанда ААК мамандары Алматы әуежайының ұшу жолағына зерттеу жүргізгенін, онда әуеайлақтарды пайдалану жарамдылығы нормаларынан ауытқу белгіленгенін атап өтті. Жүргізілген шолу нәтижелері бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою шартымен 2023 жылғы 20 сәуірге дейін шектеулі әрекет ету мерзімімен жарамдылық сертификатын беру туралы шешім қабылданған. Алайда бұл заңбұзушылықтар күні бүгінге дейін жойылған жоқ.

2022 жылғы 31 желтоқсанда Бас прокуратура бірінші вице-премьердің атына кінәлі адамдарды жауапқа тарту, мәселені шешу туралы өтінішпен заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Өтінім қазір қаралып жатыр.

Сондай-ақ, жауапта Бас прокуратура әкімдіктердің әуежай маңынан жер телімдерін беруде көптеген заңбұзушылыққа жол бергенін анықтағаны айтылған.

Тыйымға қарамастан, Бас прокуратура мәліметінше, әуежайлардың аэродром аумақтарында құстардың жаппай жиналуына себеп болатын 350 нысан тұрғызылған. Оның үстіне, әуежайлар маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мен рұқсат етілмеген полигондардың орналасуы әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты онсыз да тұрақсыз жағдайды нашарлатты.

Мәселен, Алматы әуежайы аймағында осындай 10-нан аса нысан бар. Шымкент әуежайының төрт шақырымдық аймағында 1303 нысан ААК рұқсатынсыз салынған.

Еске салайық, Bek Air ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшырады. Лайнер Алматы әуежайының маңында апатқа ұшырап, осы жерде заңсыз салынған үйлерге соғылды. Бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 15 адам қаза болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная