Aviata.kz сервисі Air Astana билеттері мен басқа да сыйлықтар ойнатады

Aviata.kz сервисінде Air Astana әуекомпаниясымен бірге эксклюзив ұтыс ойыны басталды.

Басты ұтыс - Ыстамбұлға бару және қайту екі билеті болмақ. Ұтысқа қатысқан билеттерді 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін пайдалануға болады. Сондай-ақ, қатысушылар Airbus 321 Neo ұшағының моделін ұтып ала алады. Айта кетейік Air Astana дәл осы ұшақпен бүт маусым бойы Ыстамбұлға рейстер орындайды. Саяхатшылар үшін сыйымды әрі ыңғайлы сөмкелер де ойнатылады.

Ұтысқа қатысу үшін Қазақстанның кез келген қаласынан Ыстамбұлға ұшатын Air Astana әуекомпаниясының билетін 2023 жылдың 30 қарашасына дейін алу қажет.

Жүлделер қатысушылар арасында 1 желтоқсанда ойнатылады, тікелей эфир Авиатаның Instagram және YouTube желісіндегі парақшаларында жүргізіледі.

Егер қысқы демалысты жоспарласаңыз, Ыстамбұлға назар аударуға кеңес береміз. Негізінде бұл аймақта нағыз маусым - жаз мезгілі, соның әсерінен сіз қаланы емін-еркін аралап, оның атмосферасына еніп, қаланың теңтүпнұсқалығынан ләззат аласыз.

Ыстамбұлда қыста немен айналысуға болады?

Көптеген архитектуралық ескерткіштер мен қала музейлеріне баруға болады немесе Ыстамбұл тарихымен танысу үшін ұзақ серуендеуге болады.

Сосын шопингпен айналысуға да болады. Ыстамбұлда барлығын табуға болады: брендтік заттар, сирек кездесетін заттар, тоқыма, специялар және көптеген басқа да заттар алуға мүмкіндік бар.

Түркия асханасы - саяхатшылардың жылсайын қайта оралуына себепші болатын дүние. Дәстүрлі түркиялық таңғы ас, бөрек, балық экмек, пахлава - бұл тағамдарды бүкіл әлем жұртшылығы біледі.

Түркия моншаларымен де танымал. Ыстамбұлда 500-ден аса хамам бар. Онда буға түсіп, массаж бен пилинг жасатуға болады.

Сілтеме арқылы өтіп, Авиата ұтысы туралы толығырақ біліңіз және Түркияның мәдени астанасына барып, ұмытылмас демалыс өткізіңіз.