"Болашақ" қорымен бірлескен "Жол жүру гранттары" бағдарламасы шеңберінде Aviata.kz пайдаланушылары дарынды балалар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған билеттер үшін 4,5 миллион теңге жинауға көмектесті. 2020 жылдан бастап Aviata.kz арқылы билет сатып алған 15000-нан астам саяхатшы бағдарламаның қатысушылары болды.
Сервис пайдаланушылары жинаған қаражатқа қор 3 жол жүру грантын тағайындады. Міне, олардың иелері:
● Алматы НЗМ 10-сынып оқушысы Дария Исмагилова Лондонда өткен "Invitation to attend first Tech Challenge West Midlands Regional Event" робототехника бойынша Халықаралық Чемпионатқа қатысты. Дария өнер көрсеткен қазақстандық команда бірінші орын алды. Балалар 10 ойынның 10-ында жеңіске жетіп, жарыстың абсолют рекордын иеленді.
● Әнші Алтыншаш Мұқатаева осы жылдың тамызында Сочидегі "ICON MUSIC FEST" халықаралық музыка фестиваліне қатысты. Барлық қиындықтарға қарамастан, Алтыншаш табандылық танытып, финалға өтіп, фестивальдің 15 гранд-финалистерінің біріне айналды.
● Ашихара-каратэден әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстан және Ресей чемпионы атанған астаналық 15 жастағы каратэші Расул Боқанов 2022 жылдың қарашасында Экшин-каратэден Жапонияның ашық чемпионатына аттанады.
Қаражат жинауға кез келген адам қатыса алады: ол үшін Aviata.kz қосымшасында және сайтында билеттерді сатып алу кезінде "Жол жүру гранттары" жобасына 200, 500 немесе 1000 теңге аудару қажет.
Қорға ақша берген Аviata.kz-тің әрбір пайдаланушысы қазақстандық жас таланттардың арманын орындауға және кәсіби мансабында жетістіктерге жетуге көмектесті. Қызмет көрсету тобы пайдаланушыларға жауапкершілік, қолдау және көмек үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
"Біздің "Aviata.kz" компаниясымен ынтымақтастығымыз - бизнестің қайырымдылық мәдениетін қалай дамыта алатынын көрсететін керемет жағдай. Бұл бизнес пен қайырымдылық ұйымының табысты жүйелі серіктестігінің мысалы, компания жеке адамға қайырымдылыққа қатысуға мүмкіндік беретін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі. Біздің серіктестігіміздің арқасында осы сервисте билет сатып алатын әрбір адам 200 теңгеден бастап кез келген соманы аудара алады. Осылайша, біз ондаған таланттарға халықаралық турнирлерге қатысу үшін бақытты билеттер сыйлаймыз", - деп атап өтті " Болашақ " корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
"Біз бұл жобаны қуана қолдаймыз, өйткені ол тең мүмкіндіктерді дәріптейді. Дарынды балалардың халықаралық жарыстарға билет сатып алуға немесе тұру ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ кездер болады. Әртүрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатысу және жеңу - бұл болашақта балаларға көмектесетін әлеуметтік лифт түрі екені белгілі. Біз үшін бұл әлеуметтік жоба, онда біз өз аудиториямызға балаларға өздерін көрсетуге, Қазақстанды таныстыруға, неғұрлым ауқатты балалармен тең мүмкіндіктер алуға көмектесуді ұсынамыз", - Chocofamily Holding негізін қалаушы және тең иесі Рамиль Мухоряпов.
Ақпарат үшін:
"Жол жүру гранттары" бағдарламасын "Болашақ" корпоративтік қоры 2014 жылдан бастап жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балының қаражатына, сондай-ақ "Aviata" билеттерін сатып алудың онлайн сервисін пайдаланушылардың қайырымдылық қаражатына іске асырады. "Жол жүру гранттары" бағдарламасы елімізді шетелде дәріптейтін бүкіл Қазақстан бойынша ондаған жас таланттар үшін әлеуметтік лифтке айналуда.
Кез келген адам грантқа үміткер бола алады. Грант жол шығындарын жабады, алайда ұйымдастырушы кандидаттың әлеуметтік мәртебесін ескере отырып, ерекше жағдайларда іс-шара шеңберінде кандидаттың қосымша өзге де шығындарын төлеу құқығын өзіне қалдырады.
Өтінімдерді қарау кезінде кандидаттың әлеуметтік мәртебесі (толық емес, көпбалалы отбасылар, балалар үйлері мен әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілері, ерекше қажеттіліктердің болуы және т.б.) назарға алынады. Жол жүру грантын алуға үміткерлер ұсынатын құжаттар тізіміне мыналар кіреді: сауалнама, дипломдардың, сертификаттардың, грамоталардың, ұсыныс хаттардың көшірмелері, әлеуметтік мәртебе туралы анықтама (еңбек ету қабілетінен айырылу, мүгедектік, асыраушысынан айырылу, декреттік демалыс, көпбалалы отбасы және т. б. д.), отбасы құрамы туралы анықтама/өтініш, кірістер туралы анықтама, жеке кәсіпкерліктің болуы/болмауы туралы анықтама, заңды тұлғаларға қатыспау туралы анықтама, іс-шараға шақыру, іс-шара бағдарламасы және т. б. жол жүру гранттарын беру ережелері Қордың www.bolashakcharity.kz сайтында жарияланған.