Aviata.kz ниеттестік бағдарламасын іске қосты

Aviata.kz өз қолданушылары үшін ниеттестік бағдарламасын іске қосты! Енді сервис қосымшасында және сайтта клиенттер бонустар мен артықшылыққа ие болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ниеттестік бағдарламасына қосылу үшін Авиатаның қосымшасында немесе сайтында тіркелу қажет. Содан бастап сіз әр пайдалы әрекет - әуебилет сатып алу, жеке мәліметтерді енгізу, хабарландыруды қосу, қосымша қызметтерді сатып алу және тағы басқа қызметтер үшін алмаз ала бастайсыз.

Алмаздар деңгей бойынша жоғарылау үшін қажет. Әр жаңа деңгей сайын артықшылықтар қолжетімділігі кеңейе береді. Онда жабық ұтыс ойындарында мерч жеңіп алу, акция және жеңілдіктер туралы басымдылыққа ие хабарландыру, Қазақстан ішкі рейстерінде тегін онлайн-тіркелу. Артықшылықтар тізбегі әр деңгей сайын өсіп, үнемі толықтырылып отырады.

Сонымен қатар бонустар бар. 1 бонус = 1 теңге. Деңгейіңіз жоғарылаған кезде сіз алдыңғы деңгейде болған уақытта барлық тапсырысыңыздан 1 пайыз бонус аласыз. Олар ұшудан кейін немесе жаңа деңгейге көшу кезінде беріледі. Мысалы, 1-деңгейде сіз 270 000 тұратын үш билет сатып алдыңыз делік, екінші деңгейге көшкенде сол билеттерді қолданудан кейін сізге 2 700 бонус түседі. Бағдарламаның 5-деңгейіне жеткенде 1 пайыз бонус тапсырыстан кейін ұшудан кейін бірден түседі.

Авиата арқылы жиі ұшқан сайын, сіз көбірек артықшылыққа ие болып, бонусқа кенелесіз. Олар сіздің тапсырысыңызды тиімді әрі ұнамды етеді.

Авиатаның бонустар бағдарламасының мүшесі болып, ерекше артықшылықтар мен бонустарға ие болыңыз. Сілтеме арқылы өтіп, толық мән-жайды біліңіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!