Air Astana кезекті құстың соғылғаны туралы хабарлады, бұл жолы - ұшақтың жабылғысына соғылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Әуекомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, құстардың іздері 27 тамызда табылған.
"КС9960 Нұр-Сұлтан - Алматы рейсін орындаған Airbus A321 LR әуе кемесін ұшудан кейінгі тексеруде құстың қақпаққа зақым келген іздері (майысқан жерлері пайда болған) табылды. Жөндеуді Air Astana әуе компаниясының инженерлік-техникалық департаментінің қызметкерлері орындайды", - деп атап өтті компаниядан.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!