Air Astana ұшағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін Тель-Авивке ұшты

Air Astana ұшағы қазақстандықтарды шығару үшін Тель-Авивке ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Air Astana 10 қазанда таңғы сағат 8-де Қазақстан азаматтарына арналған рейс Алматыдан Тель-Авивке ұшып шыққанын хабарлады. Кері рейс Алматыға Астана уақытымен шамамен 23:45-те келеді.

Бұған дейін Air Astana Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша Израильге бір рейс жасауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!