Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana мен Qazaq Gaz халықтық IPO-ға шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. "Самұрық-Қазына" қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек.
Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы "Air Astana" компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. "QazaqGaz" кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!