Air Astana Бангкокқа тікелей рейстерді қайта бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: airastana Фото: airastana

30 қазанда Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Таиланд астанасы Бангкокқа тұрақты әуеқатынасын қалпына келтірді. Рейстер жайлы Airbus A321LR әуе лайнерінде орындалады. Әзірге аптасына бес рейс, 29 қарашадан бастап күнделікті болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Air Astana Бангкокқа рейстерді 2003 жылғы наурызда бастады және COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылғы наурызда әуеқатынасын үзді. Осы уақыт ішінде ұшақтар 900 мыңға жуық жолаушыны тасымалдады. Орташа жүктеме 67 пайызды құрады.

2021 жылы қарашада әуекомпания Алматыдан Таиландтың ең ірі Пхукет аралына аптасына үш рейс жиілігімен жаңа рейсті іске қосты және орташа жүктемесі 74 пайыз болатын 37 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.

"Біз Алматыдан қазақстандықтардың сүйікті бағыттарының бірін қайта бастауға қуаныштымыз. 1 қазаннан бастап Тай билігі шетелдік туристердің кіруіне қатысты коронавирус шектеулерін алып тастады. Жарқын және экзотикалық Бангкокқа отандастарымыздың арасында сұраныс жоғары және олар осы елдегі демалыстан барынша жағымды эмоциялар алады деп үміттенеміз", - дейді "Эйр Астана" әуекомпаниясының сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Адель Дәулетбек.

Қазақстан азаматтары үшін виза әуежайға келгеннен кейін 30 күн мерзімге беріледі, құны шамамен 25 000 теңге.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная