Air Astana-ның тағы бір ұшағы зақымдалып, салдарынан рейс тоқтатылды және басқа рейстер кешікті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Әуекомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 тамызда Ақтөбе – Алматы бағыты бойынша КС866 рейсін орындауға арналған Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Осы оқиғаға байланысты бастапқыда 17 тамызға дейін ұсталған рейс кейіннен балама маршрутсыз толығымен тоқтатылды.
"Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға айдап өту туралы шешім қабылданды, алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания 19 тамызға дистрибьюторлық рейсті кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Айта кету керек, Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы ондаған басқа рейстердің кешігуіне әкеп соқтырды", – делінген әуетасымалдаушының хабарламасында.
Айта кетейік, тамыздың басынан бастап Қазақстанда түрлі әуекомпаниялардың ұшақтары зақылдалып жатыр. Бұл оқиғалар жолаушылар мен авиация саласы арасында үлкен алаңдаушылық туғызып, биліктің назарын аударып отыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!