Air Arabia әуекомпаниясына рейсті кешіктіргені үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушыларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының рейс кешігуі жағдайында жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушыларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының рейс кешігуі жағдайында жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Комитет өкілдерінің айтуынша, Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбауға байланысты ағымдағы жылдың 13 ақпанында "Air Arabia" әуекомпаниясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды.

"Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шараларды қабылдайды", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная