90 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

2021 жылы азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатын елдердің тізімін 90-ға дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы мәдениет және спорт министрің орынбасары Ғабидулла Әбдірахымов айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

2021 жылы азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатын елдердің тізімін 90-ға дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы мәдениет және спорт министрің орынбасары Ғабидулла Әбдірахымов айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Сонымен қатар, ол ведомство айналысып жатқан тағы бірнеше жобалар жайында айтты. Бірінші - шетелдіктер үшін визасыз кіру (бұл электронды визаны алу процесін жеңілдету үшін қажет). Екіншісі E-Qonaq жүйесімен байланысты жоба, соның арқасында шетелдіктерге тіркелу үшін ауыр процестен өтудің қажеті жоқ.  

"Сондай-ақ, біз қазірдің өзінде пилоттық режимде 160 қонақүйде жүйені енгізуді аяқтадық. Осы жүйенің арқасында кез келген шетелдік турист бөлек тіркелудің қажеті жоқ. Шетелдік азамат қонақүйге кірген кезде автоматты түрде өтіп қояды", - деді спикер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.

Қазір 105 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға электронды визалар енгізілді.

"30 күнге дейінгі мерзімге келген кезде шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды және көші-қон карточкалары да жойылды. Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту басталды. Сондай-ақ, біз шетелдік әуекомпаниялардың еліміздің 11 қаласына ұшып келіп, жолаушыларды алып кетуі үшін оларды іске қосуды бастадық (Open Sky режимі)", - деп еске салды Әбдірахымов.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная