Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"8 миллион теңге". Мәскеуден рейстердің бағасы туралы Авиация комитеті түсініктеме берді


Азаматтық авиация комитеті (ААК) Мәскеуден Алматыға рейстерге билеттердің қымбаттағаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мәскеу - Алматы бағыты бойынша әуе билеттерінің қымбаттағаны туралы ақпарат пайда болды. Пайдаланушыларды 22 және 23 қыркүйектегі жағдай бойынша бір жолаушыға билеттің құны тиісінше 7,8 миллион және 8,2 миллион теңгені құрайтыны туралы ақпарат таңғалдырды.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде билеттердің бағасына қатысты таратылып жатқан ақпараттағы билеттердің құны Дубай арқылы Мәскеу – Дубай ("Emirates" әуекомпаниясы) және Дубай – Алматы ("Эйр Астана" әуекомпаниясы) маршруты бойынша транзиттік рейстерді ескере отырып көрсетілген. 

"Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық әуекомпаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгермегенін атап өту қажет. Мысалы, 2022 жылғы 21 қыркүйек сағат 18:00-дегі жағдай бойынша:

  • – 2022 жылғы 24 қыркүйектегі Мәскеу (Внуково) – Алматы бағыты бойынша "SCAT" қазақстандық авиакомпаниясының рейсіне билет құны 253688 теңгені және ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі бағасы 208078 теңгені құрайды.
  • – 2022 жылғы 22 қыркүйектегі Дубай-Алматы бағыты бойынша "Эйр Астана" әуекомпаниясының рейсіне билет құны 334146 теңгені құрайды", - делінген ААК хабарламасында.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар
Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет? Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет?
Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді