2021 жылдың 24 қаңтарында Қазақстанға ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 1 886 адам, анықтамасыз 695 ҚР азаматы ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Латвия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсімен 2 581 адам келген.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 109 жолаушы, анықтамамен - 748; анықтамасыз – 361;
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 472 жолаушы, анықтамамен - 1 138, анықтамасыз – 334.
Айта кетейік, анықтамасыз келген қазақстандықтар қонған жері бойынша COVID-19-ға қарсы ПТР сынамасын жасатып, карантин стационарында өз нәтижелерін күтіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!