50 күнде 17 мың шақырым. Қазақстандық мотосаяхатшы Еуропаның 14 елін аралап шықты

Қазақстандық мотосаяхатшы Нұрсейіт Ниязбеков 50 күн ішінде Еуропаның 14 елін аралап, 17 мың шақырымды жүріп өтті. Ол жолы қалай өтті және жолда қандай қиындықтарға тап болғанын Kaz.tengritravel.kz тілшісіне бөлісті.

"Еуропаға мотоциклмен бару идеясы екі жыл бұрын пайда болған шығар. Пандемияға байланысты бұл жоспарды шегеруге тура келді. Мамырдың соңында идеямды жүзеге асыруды шештім. Саяхатты жоспарлау бірнеше мәселені шешу керек дегенді білдіреді. Біріншісі, әрине, Шенген алу. Екіншісі - мотоциклді сақтандыру. Визаны шамамен үш апта күттім. Әрі қарай біздің елде ұзақ жүрмеу үшін Алматыдан Атырауға мотоциклді жібердім. Еуропадан оралғанда Атыраудан Алматыға дәл солай келдім.

Мен құжаттарды Италия консулдығына тапсырдым. Процедура іс жүзінде оңай емес. Әдетте адамдар ұшақпен саяхаттайды. Менің жағдайымда, көп шекараны кесіп өтуді жоспарлағандықтан, маған барлық қонақүйді өз бағытым бойынша брондауды сұрады. 17 бронь жасадым. Италияны таңдаған себебім әпкем Миланда тұрады. Сол жерде көп уақыт өткізуді жоспарладым.

Мен үшін Түркия мен Италияның жолдары мен жол бойындағы қызметі жақсы болып көрінді. Тамақтану, жанармай құю, сергіту, түнеу орындары бар. Тек Италияда Түркияға қарағанда қымбат. Тағы Швейцарияда бәрі қымбат, ал елдің өзі кішкентай, сондықтан жол бойындағы қызмет көрсету аялдамалары сирек кездеседі.

Менің бағытым мынадай болды: Атыраудан Астраханьға, одан кейін Грозныйға, содан кейін Владикавказға, одан кейін Тбилисиге, Батумиге, Трабзонға, Самсунға, Анкараға, Измирге бардым. Измирде Грекияға жету үшін паромға көштім. Келесі - Афина, содан кейін Албания және Адриатика теңізі бойында - Черногория, Хорватия, Босния және Герцеговина, Словения, Италия. Мен Италияға Триест арқылы, содан кейін Венеция, Милан, Болонья, Флоренция, Рим, Тоскана, Генуя, Домодоссола арқылы келдім, сол жерден Швейцарияға келдім. Ол жерде бес күн тұрдым.

Осы уақыт ішінде мен Швейцарияның астанасына барып, негізгі көрікті жерлерді - көлдерді, шыңдарды, асуларды көрдім. Содан кейін Италияға оралдым, Доломит Альпісіне бардым. Кейін Словенияға бардым, онда мотоцикл бұзылды. Оны жөндеп, Словакияға, содан кейін Австрияға, Венгрияға, Румынияға, Болгарияға, Түркияға кеттім. Сол бағытпен оралдым.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!