2024 жылы Балқашқа бірнеше рейс ашу жоспарланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Балқаш әуежайын дамыту жөніндегі жобаның 2023-2024 жылдарға арналған "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына енгізуді қолдайды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында еліміздің әуежайларын дамыту бағдарламасына Балқаш қаласының әуежайын қосуды тапсырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

ИИДМ мәліметінше, 2024 жылдан бастап Шымкент, Түркістан және Жезқазған қалаларынан Балқаш қаласына дейін маршруттар ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар Астана мен Алматыдан орындалатын рейстер субсидияланады.

2022 жылдың мамыр айынан бастап қазан айына дейін Балқаш қаласына аптасына 14 рейс жиілігімен Астана мен Алматыдан келетін әуе маршруттары субсидияланады. Осылайша, жазғы кезеңде әуе рейстерін "Южное небо" компаниясы іске асырғанын айта кеткен жөн.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная