2023 жылы Қазақстаннан қандай халықаралық рейстер іске қосылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Азаматтық авиация комитеті 2023 жылы Қазақстаннан қандай халықаралық рейстер іске қосылатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық авиация комитеті 2023 жылы Қазақстаннан қандай халықаралық рейстер іске қосылатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ұшу қауіпсіздігінің жоғары көрсеткіштерін ескере отырып, Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жалғасады.

Пандемияға дейінгі деңгейдегі ішкі тасымадау көлемі толық қалпына келтірілді және асып түсті (57 бағыт бойынша аптасына 687 рейс).

2023 жылыы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады деп күтіледі.

Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Бакуге, Тбилисиге, Пхукетке және Малеге рейстерді ұлғайту жоспарланған.

Пәкістанға Алматыдан Карачи мен Лахорға рейстер ашу, Үндістанға Алматы - Дели бағыты бойынша, Қытайға Алматы – Чэнду бағыты бойынша, Ұлыбританияға Алматы – Лондон, Алматыдан Бодрум, Батуми Ираклион, Подгорица және Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын ұлғайту жоспарлануда, Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқанд, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта басталады деп күтіледі.

Малайзиялық лоукост "Air Asia X" әуе компаниясы 2023 жылдың көктемгі-жазғы навигациясынан бастап Куала-Лумпурдан Алматыға, "Thai Air Asia" әуе компаниясы Бангкоктан Алматыға рейстерді ашуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, "Air Asia Aviation Group" компаниясының тобы Алматы мен Астанаға рейстерді орындау кезінде "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесімен Мәскеу (Ресей), Ыстамбұл (Түркия), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания) және Франкфурт (Германия) қалаларына одан әрі ұшулар мәселесін қарастыруда.

"Qeshm Air" әуекомпаниясы "ауа еркіндігінің" 5-ші дәрежесін пайдалана отырып, Алматы – Токио бағыты бойынша рейстерді ашуды жоспарлап отыр.

Сондай – ақ, "Эйр Астана" әуекомпаниясы орта мерзімді перспективада Алматы - Тель-Авив бағыты бойынша Израильге аптасына 2 тұрақты рейсті орындау мәселесін пысықтауда.

ААК мәліметінше, бүгінде аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілді. 30 мемлекет – Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт , Сауд Арабиясы , Моңғолия, Үндістан, Иран, Черногория, Италия, Қытай, Вьетнам, Сейшель аралдары.

2022 жылы 6 елмен (Түркіменстан, Египет, Ұлыбритания, Моңғолия, Иран, Қытай) халықаралық рейстер қалпына келтірілді, аптасына 25 рейс жиілігімен 10 бағыт бойынша 7 елге жаңа бағыттар ашылды: Италиямен Алматы – Милан "NEOS" әуе компаниясымен, Грециямен Алматы – Ираклион бағыты бойынша "Эйр Астана"әуе компаниясымен, Вьетнаммен Алматы – Нха Транг және Астана – Нха Транг бағыттары бойынша "Vietjet Air" әуе компаниясымен, Кувейтпен Түркістан – Кувейт бағыты бойынша "Jazeera Airways" әуе компаниясымен, Түркиямен Алматы – Анкара және Астана – Анкара бағытында "AnadoluJet" және Алматы – Анкара "Pegasus Airlines" әуе компаниясымен, Алматы – Маэ бағыты бойынша "Air Seychelles" әуе компаниясымен және Ресейдің қалаларына Алматыдан Сургутқа, Тюменьге, Астанадан Санкт-Петербургке рейстер "SCAT" әуе компаниясымен, Алматыдан Ашхабадқа «Түркіменхавайолдары» әуе компаниясымен қалпына келтірді.

Таяуда "ашық аспан" режимі 2027 жылғы 26 желтоқсанға дейін (5 жылдық мерзімге) ұзартылғаны жарияланған еді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная