2023 жылы жолаушылар пойызына қанша билет сатылды?

2023 жылы жолаушылар пойыздарында жүруге шамамен 19 миллион билет сатылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 750 мыңнан аса артық. Бұл ретте онлайн-сатудың үлесі 77 пайыз болды.

"Комиссиясыз электрондық билетті bilet.railways.kz. сайтынан сатып алуға болады. Сондай-ақ, мұнда "Күту парағы" қызметін пайдалануға болады, ол жолаушыға еркін сатылымда билет болмаған кезде кезекке тұруға және бос орын пайда болған жағдайда жол жүру құжатын сатып алуға мүмкіндік береді. 2023 жылы "Күту парағы" арқылы 170 мыңнан астам билет сатылды, - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!