2022 жылы Алакөлге қандай рейстер болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: @Shutterstock Фото: @Shutterstock

2022 жылы Алакөл көлінің шығыс және оңтүстік жағалауына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан субсидияланатын рейстер ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2022 жылы Алакөл көлінің шығыс және оңтүстік жағалауына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан субсидияланатын рейстер ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, "Южное небо" компаниясы алты ай ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үржарға субсидияланған рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Туристер жиі келетін маусымда - төрт айда рейстер жиілігі аптасына онға жетеді. Ал қалған екі айда ұшақтар аптасына жеті рет ұшады. Барлық рейс 48 адам отыратын АН-24 ұшағында орындалады. Бағасы - Нұр-Сұлтан қаласынан 16 000 теңге, ал Алматыдан 14 000 теңге.

Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Үшаралға рейстерді SCAT әуекомпаниясы алты айға ашады. Олардың үшеуі үшін жиілік аптасына жеті рет, ал туристер көп келетін кезеңде аптасына 14 рет болады. Баға Нұр-Сұлтаннан 16 000 теңге және Алматыдан 15 000 теңгені құрайды. Ұшаққа 50 адам сыяды.

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да Алматыдан Алакөл көліне жетуге болатын бес бағыт туралы айтылған болатын. Алматы облысы әкімдігінің компаниямен меморандумына сәйкес, Алматыдан және басқа өңірлерден 11 маршрут қатынайтын болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная