2022 жылы 22 мың адам Қазақстан азаматтығын алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Былтыр 22 мыңнан аса адам Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Былтыр 22 мыңнан аса адам Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәуелсіздік жылдары бір миллионнан аса адам Қазақстан азаматтығын алды, ал былтыр – 22 мың адам, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлығымен – 1375, жеңілдетілген тәртіппен – 20 мыңнан аса адам азаматтыққа қолжеткізді.

Оның ішінде 17,5 мыңнан аса қандас (17 676), Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей арасындағы азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісім бойынша – 1287, тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы туралы Конвенция бойынша – 1777", - делінген хабарламада.

ІІМ БҰҰ БЖКБ-ның Қазақстандағы өкілдігімен және ҮЕҰ-мен бірлесіп екі жыл ішінде құжатсыз және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтау және тіркеу бойынша кең ауқымды акция өткізілген.

"Акция нәтижесінде азаматтығы жоқ, құжаттары жоқ 8 мыңнан аса адам анықталды. Оның ішінде 5 мың адам Қазақстан азаматтығына жататынын растады және жеке куәліктер рәсімделді. 3 мыңнан аса азаматтығы жоқ адамның куәлігі берілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная