KITF 2023 "Туризм және саяхат" халықаралық көрмесі аясында ішкі және келу туризмі саласында қызмет көрсететін туроператорларға, орналастыру және қоғамдық тамақтандыру орындарына арналған қызмет сапасын арттыру бойынша "Сапа белгісі" бағдарламасын таныстыру өтеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Сапа белгісі" бағдарламасы 2021 жылы іске қосылды. Бұл бағдарлама туризм саласы стандарттарының талаптарына сәйкес келетін кәсіпорындарға ерекшелік белгілерін табыстауды көздейді. Өз кезегінде сапа белгісінің иегерлері Kazakh Tourism ресурстарында ілгерілету мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, презентациядан кейін 19 сәуірде 17:20-да Алматы қаласы Тимирязев көшесі Атакент ҚІЫО №11 павильонында 2022 жылғы "сапа белгісі" иегерлеріне сертификттар табысталады.
Бұл бағдарлама үшін стандарттар әзірленді:
- орналастыру орындары
- тамақтану пункттері
- туроператорлар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!