2020 жылдың қорытындысы бойынша Google-да үздік топқа енген Қазақстанның 5 қаласы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бұрын-соңды қазақстандықтар ғаламторда 2020 жылдағыдай көп уақыт өткізген емес. Өйткені, бұрын қолжетімді болған саяхаттардың көбіне қазір виртуалды баруға болады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге қазақстандықтар өткен жылы Google іздеу жүйесінде Қазақстанның қай қалаларын көбірек қарағаны және нені көбірек іздегені туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Бұрын-соңды қазақстандықтар ғаламторда 2020 жылдағыдай көп уақыт өткізген емес. Өйткені, бұрын қолжетімді болған саяхаттардың көбіне қазір виртуалды баруға болады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге қазақстандықтар өткен жылы Google іздеу жүйесінде Қазақстанның қай қалаларын көбірек қарағаны және нені көбірек іздегені туралы баяндайды.

Біз Google Trends қызметін қолданып және барлық қалаларға тән бірқатар жалпы іздеу нәтижелерін анықтадық. Сонымен, адамдар әр қалада коронавирус, карантин және шектеу шаралары, жергілікті уақыт, ауа райы, валюта бағамдары және өз аймақтарындағы жаңалықтар туралы мәліметтерді білуге тырысқан. Сондай-ақ, адамдар іздеу жүйесінде "азық-түлік жеткізу", "гүл жеткізу", "құрылыс дүкендерінің мекен-жайы" және "балалар әлемі" деп те біраз мәліметтер жинаған.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда басқа жағдайлар байқалған. Қазақстан туристерінің арасында ең танымал қалалардың тұрғындары осы қаладан келіп-кететін ұшақтар мен пойыздарға билеттер іздеген.

Екі қалада да кездесетін тағы бір ұқсастық бұл - велосипед. Интернет қолданушылары оларды қайдан жалға алуға және қайда жөндеуге болатыны жайлы көп мәлімет қарастырған.

Нұр-Сұлтан тұрғындары үйде отыру ұзаққа созылатынын түсініп, үй жануарларын сатып алуға бел буғаны байқалады, өйткені Google-дан "мысықтар жайы" мен үй жануарларын жеткізу мекен-жайлары көп ізделген. Осы тақырыпта іздеу Қазақстанның басқа ешбір қаласында тіркелмеген.

Ал алматылықтар болса, қайда серуендеуге болатынын, демалыс күндері болатын экскурсияларға, әртүрлі саябақтарда қыдыру, оның ішінде Ботаникалық баққа деген зор қызығушылық танытқандары байқалған.

Сондай-ақ, Алматыда әйгілі "Орел и решка" телекөрсетілімі ең көп ізделген теле бағдарлама болып шықты. 2020 жылдың қарашасында осы телекөрсетілім Алматы облысы туралы бағдарлама түсіретіні белгілі болған. Әзірге нақты мәліметтер жоқ.

Кез-келген облыс орталығы Нұр-Сұлтан және Алматымен бәсекелесе алмайды, сондықтан біз бұл мегаполистерді өз рейтингімізге қоспадық. Google-дағы Қазақстанның танымал 5 қаласына қай қалалар енді? Сонымен, тізімге көшейік.

Ғаламтордан сұраныс іздеуде Шымкент көш бастап тұр. Коронавирус пен карантинге қатысты сұрақтармен қатар, адамдарды аймақтық жаңалықтар, ауа-райы болжамы, жүк тасымалдау және валюта бағамдары да қызықтырғаны анық. Сондай-ақ, шымкенттіктер 42500.enbek.kz сайтына жүгініп, өздерінің 42500 теңгеге берген өтініштерінің мәртебесін білуге тырысқаны және жаңа жұмыс іздегендері көптеп тіркелген.

Егер сіз тарихи және мәдени ескерткіштерге қызығушылық танытсаңыз, бұл ежелгі қалаға міндетті түрде баруыңыз қажет. Қасиетті жерлердің қатарында Арыстан баб (Шымкенттен 150 шақырым), Домалақ ана (Шымкенттен 65 шақырым солтүстік), Ибраһим-ата, Қарашаш ана кесенелері және ежелгі Сайрам (қалада, орталықтан 15 шақырым шығысқа қарай, Сайрам тұрғын алабының аумағында), Боралдай петроглифтері (Шымкенттен солтүстікке қарай 60 шақырым) және Қазығұрт тау жотасын (Шымкенттен 40 шақырым) бар. Қалада бірнеше саябақтар мен мұражайлар орналасқан. Жергілікті базарларды араласаңыз, нағыз шығыс дәмін сезіне аласыз.


Фото Тұрар Қазанғапов

Біздің рейтингтегі екінші орында Қазақстанның ең ірі облыс орталығы - Қарағанды. Мұнда электронды рұқсатнама алу қызметіне сұраныс ең көп қаралған екен. Сондай-ақ, шахтерлер қаласында Google-дан хайуанаттар бағы мен түрлі тамақтану орындары туралы жиі сұралған.

Қарағандыда бұл баратын жалғыз жер емес, қала тұрғындары басқа да көрнекті орындаымен мақтана алады. Қаладағы ең керемет ғимараттардың бірі - цирк, оның күмбезі шардағы қыздың мүсінімен безендірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости (@vkaragande.kz)

Қарағандыдан жақын жерде, Долинка ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған Қарағанды еңбек-түзету лагерінің мұражайы бар. Ол жерге автобекеттен жүретін 122-і автобуспен жетуге болады. Экспонаттар лагерьдің өзі туралы ғана емес, сонымен бірге оның қалыптасуына дейінгі оқиғалар туралы да баяндайды. Оның тұрған жері лагерь құрылымын, сотталғандарды ұстау жағдайларын, олардың өмірі мен қызметінен хабардар етеді. Мұражайға жақын жерде мемориалға айналған "Мамочкино зираты" орналасқан. Мұнда көптеген қуғын-сүргін құрбандары қорқынышты жағдайды, зорлық-зомбылық пен ауыр жұмысты жеңе алмаған әйелдер мен балалар жерленген.


© Shutterstock

Біздің рейтингте Ақтөбе қаласы үшінші орынға ие болды. Анықталғандай, ақтөбеліктер білімге ерекше қызығушылық танытқан. Мұнда көбінесе жоғары және орта оқу орындарына өтініштерге қатысты іздеу, сонымен қатар, "akt.eportfolio.kz" (мұғалімдерге арналған электронды портфолио) көп қаралған. Қала тұрғындары сырғанау алаңдары мен кинотеатрларды ерекше қызықты орындар ретінде атаған.

Ақтөбе - еліміздің негізгі экономикалық және мәдени орталықтарының бірі. Мұнда, әрине, баратын жерлер өте көп. Бірлік және Келісім гүлзарында серуендегеннен кейін, "Нұр Ғасыр" мешітіне барыңыз. Қала орталығында болғанда оны байқамау қиын. Бұл монументальды ғимарат сыртынан қарағанда, ішкі жағынан өте әдемі.

Сондай-ақ, ақтөбеліктер Ғазиза Жұбанова атындағы планетарий мен филармониямен мақтанады.


Фото Тұрар Қазанғапов 

Төртінші және бесінші орындарды Қостанай мен Павлодар қалалары иеленді.

Енді біз Қазақстандағы ең керемет балық аулау қай жерде екенін білетін боламыз, себебі, қостанайлықтар осымен ерекшеленді: олар ғаламтордан "Қостанай және Қостанай облысының балықшылары" деген сұраныстар бойынша көп ізделген. Торғай үстірті - бұл қала тұрғындары демалысын жиі өткізетін ерекше орын.

Қалған мәселеде солтүстік-батыс аймақтың тұрғындары әдеттегідей, коронавирус, карантин, ауа-райы, сәлемдемелер, жүк тасымалдау, жаңалықтар, әртүрлі жергілікті ойын-сауық мекемелерінің мекенжайлары мен қоғамдық тамақтану орындары ізделген.


Сурет "Наша газета" сайтынан

Қостанайға барғанда, сіз басқа тарихи уақытқа сапар шеккендей боласыз. Сіз қаламен танысуды облыстық тарихи-өлкетану мұражайдан бастасаңыз, онда сіз өткен ғасырдың басындағы көпес Яушевтің сауда орны қалай сақталғанына куә боласыз. Қостанай облыстық қазақ драма театрына міндетті түрде бару қажет. Сіз спектакльді ұнатпасаңыз да, бұл ғимараттың сұлулығын көзбен көру керек.

Қала шуынан жалыққан кезде Наурызым мемлекеттік табиғи қорығына (Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 шақырым) баруға болады. 2008 жылы ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Павлодарлықтар ғаламтордың белсенді қолданушылары болғанымен, ештеңемен ерекшеленбеді. Бірнеше рет айтылған нәрселерден басқа, оларды күнделікті тұрмыс алаңдатқан. Жиі ізделген мәселелер - құрылыс дүкендерінің, кабельді теледидар байланысының, кілем жуу және масадан қорғанатын торлар орнату мекенайлары.


Фото Тұрар Қазанғапов

Павлодар тұрғындарының сүйікті орны - атақты, Қазақстандағы ең ұзын жағалау. Оның ұзындығы алты шақырымнан асады.


© Shutterstock

Жақында Павлодар қаласының 300 жылдығы атап өтілді және оның алғашқы құрылысын көргісі келетіндер Астана көшесінде Мәшһүр Жүсіп мешіті мен Благовещенск шіркеуін тамашалай алады. Сондай-ақ, мұнда әлі күнге дейін трамвайлар жүреді. Айтпақшы, Қазақстандағы көне трамвай желілерінің бірі осында орналасқан.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная