180 адам Шымкент әуежайынан ұша алмады: оларды Таразға жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Шымкент әуежайында жолаушылар діттеген жеріне ұша алмады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент әуежайында жолаушылар діттеген жеріне ұша алмады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қалың тұманның салдарынан Астанаға және Алматыға ұшатын рейстер кеше ұша алмаған. Әуекомпания өкілдері 180 адамды автобуспен Таразға жеткізді, осылайша олар сондағы әуежайдан ұшып кетеді.

Басылым мәліметінше, кеше таңғы уақыттан бері 2 рейс мүлде ұшпайтын болған, ал қалғандары белгісіз уақытқа шегерілген.

"Бұл әлемдік тәжірибе. Ұшу қауіпсіздігі үшін, мұндай ауа райы кезінде оқыс жағдай болмасы үшін біз ұшуға кеңес бермейміз. Алайда әуекомпаниялар өздері шешеді. Көру мүмкіндігі метрмен өлшенеді. Қазіргі көру мүмкіндігі - 100 метр, бұл дегеніміз мұндай кезде ештеңе істеуге болмайды", - деді Шымкент халықаралық әуежайының өкілдері.

Шымкент ТЖД өкілдері қалың тұман 30 желтоқсанға дейін сақталатынын хабарлады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная