17 қаңтарда қандай рейстер орындалады?

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 17 қаңтарға халықаралық және ішкі рейстер туралы мәлімет жариялады.

Ішкі рейстер

2022 жылы 17 қаңтарда 168 рейс орындау жоспарланған, оның ішінде "Эйр Астана" мен Fly Arystan 111 рейс, SCAT – 35, Qazaq Air – 22. Соның ішінде төрт рейс кешігіп ұшады, ал 27 рейс кейінге қалған. Рейстердің кешігіп ұшуы немесе мүлде ұшпай қалуының басты себебі - Алматы әуежайы жұмысының регламентіне тікелей байланысты. 

"Эйр Астана" мен Fly Arystan әуекомпаниялары 92 рейс ұшыруды жоспарлаған. 

Халықаралық рейстер

Қазақстан бойынша 66 рейс орындау жоспарланған. 

2022 жылы 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шығатын және ұшып келетін 23 халықаралық рейс жоспарланған, олар Мәскеу, Ыстамбұл, Дубай, Варшава, Жуковский, Екатеринбург, Ташкент, Франкфурт. 

Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Түркістан әуежайларына ұшып келетін және ұшып шығатын 43 халықаралық рейс жоспарланған, олар Мәскеу, Дубай, Кувейт, Баку, Ташкент, Ыстамбұл, Шарджа, Киев, Анталья, Пхукет, Коломбо, Бішкек, Үргеніш, Нүкіс, Тбилиси.

Айта кетейік, Lufthansa әуекомпаниясы 2022 жылдың 22 қаңтарына дейін Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты.