14 жастағы оқушының Алматы туралы роликтері трендтерді жарды

Алматылық оқушы туған қаласы туралы қызықты видеолар түсіреді. Оның туындылары желі пайдаланушылардың назарына ілініп, бірден танымал бола бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

14 жастағы Бекарыс №133 мектеп-гимназиясының 8-сыныбында оқиды. Жасөспірім бос уақытында әсерлі видеолар түсіреді. Өнерлі жігіттің видеолары "қалаға деген сүйіспеншілікке толы" тәрізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВИДЕОГРАФ | ДРОН | АЛМАТЫ (@bekarys_zhumabekk)

Бекарыстың видеоларына көптеген оқырман пікір білдірген. Әлеуметтік желі қолданушылары жас видеографтың жұмысына баға беріп, көбісі мақтап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВИДЕОГРАФ | ДРОН | АЛМАТЫ (@bekarys_zhumabekk)

"Видеоларыңа қарап-ақ Алматыға ғашық екеніңді білуге болады", "Қандай сұлулық", "Сен өсем дегенше, қала бұдан да көркейе түссінші", - деп жазды Instagram желісінің қолданушылары.

Жасөспірім видеоларын DJI Air 3 fly More Combo (DJI RC 2) квадрокоптерінің көмегімен түсіретіні белгілі болды.

"Маған Қазақстан қалаларын, әсем табиғатты түсіру ұнайды. Әсіресе Алматыны. Мен видеоларымды дрон арқылы түсіремін. Кейде хоббиім табыс әкеледі. Мен екі жылдан бері осы іспен айналысып келемін", - деді Бекарыс.

Осы жазда жасөспірім Астанаға, Ақтауға, Түркістан мен Шымкентке барып, осы қалаларда да қызықты және атмосфералық роликтер түсіруді жоспарлап отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВИДЕОГРАФ | ДРОН | АЛМАТЫ (@bekarys_zhumabekk)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!