Ғашықтар күні - барлық істі шегеріп, сүйіктіңізбен бірге уақыт өткізуге жақсы себеп. Tengritravel.kz тілшісі Қазақстан бойынша романтикалық саяхат ұйымдастыруға болатын жерлер туралы баяндайды.
Халықаралық мерекеге бір аптадан аз уақыт қалды, алайда әліде Қазақстан бойынша сапар ұйымдастыруға кеш емес. Біз Астана, Алматы және Қазақстанның басқа да аймақтарынан ғашық жандарға арналған орындарды жинастырдық.
Алматы облысындағы ыстық бұлақтар
Алматыдан небары төрт сағаттық жерде Шонжы ауылы бар, ол өзінің емдік қасиеті бар ыстық суларымен танымал. Оған барар жолда ғашықтар Іле Алатауының, Шарын өзенінің, қызылға бояғалған Бөгеті тауларының көрінісіне тамасана алады.
Бір тәулікке нөмер жалдау құны - 10 000 теңгеден басталады. Алматыдан Шонжыдағы ыстық суларға такси, туристік автобус немесе жеке автокөлікпен жетуге болады. Алғашқы екі нұсқа шамамен сегіз мың теңгеге шығады.
Шонжы термалды су көздері: "ыстықты" сүйетіндерге арналған
Обсервоториядағы жұлдызды кездесу
Ғашықтар үшін таптырмас мекен, онда жұлдыздарды бақылап, шынайы өмірден ажырап ғарыш әлеміне сүңгіп кетуге болады. Мысалы алматылық обсерватория. Мұнда галактикалардың жаралғанын ғана емес, көптеген қызық дүниелерді тамашалауға болады. Обсерватория аумағында туристер арасында танымал "тілектер жолы" (аллея) бар, ол жетпіс жетінші меридиан сызығының бойында салынған. Күн сайын мұнда кешкі экскурциялар қолжетімді, келушілер телескоптан ғаламат көкті көре алады. Бағасы - 3 мың теңге. Геолокациясы мына жерден көре аласыз.
Ғашықтар тауы
Алматыдағы Науаи көшесімен жоғарылай берсеңіз, экобекеттен оңға бұрыласыз. Осы жерде сізге қала көрінісі мен жұлдызды аспан ашылады. Түнгі панораманы тамашалап, шоқжұлдызды ізлеп, сүйіктіңізге бір жұлдызды "сыйласаңыз" болады. Сондай-ақ, құшақтасқан күйде түнгі Алматының оттарына шексіз қарауға болады. Бұл әр жұпта болуы тиіс классика жанры. Өзіңізбен шәй немесе кофе алып, тыныштықта көрініске тамсануға болады. Мұндай локацияда барлығы романтикаға үйлеседі.
Елсіз Баянауыл
Қыста Баянауылда адам аз болады. Барлық сұлулық пен ғажайып көрініс сіздер үшін ғана болады. Мұнда суық кезде де айналысуға болатын дүниелер бар. Мысалы, Торайғыз көлінде конькимен сырғанап, суретке түсіп, Қоңыр-Әулие үңгіріне көтеріліп, тілек тілеуге болады. Сондай-ақ, Торайғыз көлінде шыңдарды бағындыруға және даланың қысқы келбетінен әрбір минутынан ләззат алуға болады. Баянауылда "Мырзашоқы" атты тау-шаңғы базасы бар. Мұнда Павлодар облысынан және Қарағанды мен Астанадан шаңғышылар, сноубордистер және тюбингпен сырғанаушылар келеді.
Мұнда сұлу Баянның жүрегі жараланды. Сабындыкөл жайлы әдемі аңыз
Екі адамдық бөлме жалдау құны 10 000 теңгеден басталады. Астанадан Екібастұз немесе Қарағанды арқылы көлікпен жетуге болады. Қашықтық - шамамен 430 шақырым. Автобуспен немесе пойызбен алдымен Екібастұзға, ал таксимен немесе автобуспен Барнаулға жетуге тура келеді. Автобус билетінің құны - 2 500 теңге. Баянауылда Павлодар, Қарағанды, Астана қалаларынан бір және екі күндік турлар да бар. Бағасы - 10 мың теңгеден басталады.
Қазақстандағы ерекше сарқырама
Маңғыстау облысында ерекше бір орын бар, онда әдемі суретке түсіп, табиғат тылсымынан қуат алуға болады - ол жер Тамшалы шатқалы. Ол Тамшалы шатқалы Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан, ал Ақтаудан - көлікпен бір сағаттық жерде. Ұзындығы 12 шақырым болатын бұл шатқал Каспий теңізінен басталып, сары шөлдің ортасындағы жасыл оазиспен аяқталады. Мұнда ерекше Тамшалы сарқырамасы орналасқан.
Тамшалының өз микроклиматы бар. Су өсімдіктердің тамыры арқылы кішкентай көлге тамшылармен ағып жатыр. Тіпті аптап ыстықта да мұнда ауа райы салқын болады. Айтуларынша, қақаған аязда бұл жер өте әдемі болады екен - бұл ағындардың бәрі мұз болып қататын көрінеді.
"Қазақстандағы ерекше сарқырама". Тамшалы шатқалы туристерді несімен қызықтырады?
Тамшалы шатқалына Ақтау - Форт-Шевченко тас жолымен жетуге болады. Шамамен 82 шақырым жерде жағалауға қарай бұрылу керек. Дала арқылы өтетін жол жаман емес, тіпті жеңіл көлік те жүре алады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!