Шонжы термалды су көздері: "ыстықты" сүйетіндерге арналған

Алматыдан небары төрт сағаттық жерде емдік қасиетке ие, ыстық су көздерімен танымал Шонжы ауылы орналасқан. Мұнда демалу денсаулығыңызға орасан күш береді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге саяхатшылардың қыста жазғы көңіл-күйді қалай алуға болатыны туралы баяндайды.

Шонжы ыстық бұлақтарына Алматыдан таксимен, туристік автобус немесе жеке көлігіңізбен жетуге болады. Алғашқы екеуіне шамамен сегіз мың теңге жұмсайсыз.

Жолда сіз Іле Алатауының, Шарын өзенінің, шағанды тоғайдың және орнында ежелде вулкан болған Бөгеті қызыл тауларының әсем көріністеріне куә боласыз. Геологтар магма каналдарының әсерінен су қызып, атқылап, термалды бұлақтар түзген деп түсіндіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sergey Guk / Siarhei Huk (@guksergey)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от (@polonchata)

Шонжы ыстық су көздерінің артықшылығы айқын. Олардың құрамында азот, кремний, натрий, кальций тұздарының болуына байланысты емдік қасиеттерге ие. Элементтердің бұл құрамы теріні тазартады, жұмсартады, тіндер мен буындардың серпімділігіне оң әсер етеді, тіпті орталық жүйке жүйесінің жұмысын да жақсартады. Сонымен қатар, судың емдік қасиеттері жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарын емдеуге көмектеседі. Әрине, кері жақтары да болады, сондықтан сапарға шығар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kumus Yergazina (@kumuss)

Температураға байланысты ыстық көзді бұлақтар жылы (37 градусқа дейін), ыстық (50 градусқа дейін) және өте ыстық (100 градусқа дейін) болып бөлінеді. Судың құрамы тұщыдан және тұзды гидрокарбонаттыға, кальцийден натрийге, хлоридтіден және азот-метандыға дейін өзгереді. Демалыс орталығын таңдағанда, бассейнінде қандай су бар екеніне және оның сіздің қалауыңызға сәйкес келетіндігіне назар аудару керек. Шағын курорттар мұнда көптеп орналасқан, сонымен қатар, бассейндер, жайлы үйлер, бөлмелер, сауналар, балалар алаңдары, кафелер мен дүкендер бар. Енді солардың кейбіріне тоқталсақ.

"Деревушка" демалыс аймағы бір қабатты альпі стиліндегі үйлерден, үш бассейннен тұрады, оның біреуі жабық, сауна, караоке және басқа ойын-сауық отбасы үшін немесе көп адамды топқа арналған. Бұл жерде минералды су құрамында радон жоқ. Бағасы - бір адамға күніне 4 500 теңге.

"Ақсу" демалыс кешені: температурасы мен тереңдігі әр түрлі төрт ашық бассейн және тағы екі өте ыстық сулы жабық бассейні бар. Тіпті сырғанайтын жерлері де бар. Сіз бөлмелерде немесе бөлек үйлерде тұра аласыз. Бағасы - 8000 теңгеден.

Екі футбол алаңы сыйып кетердей аумағы бар "Жетісу Resort & Spa" базасын санаторий деп атауға болады, онда сізге емделудің кең түрі, бес бассейн, мейрамхана, бильярд бөлмесі, спорт залы, балаларға арналған ойын бөлмесі және барбекю алаңы ұсынылады. Бағасы - 16000 теңгеден.

"Альнур Сияющий" курорты сізді әртүрлі температурасы, тереңдігі мен өлшемдері бар бес бассейнмен, моншамен, жайлы бөлмелермен және тұруға арналған үйлерімен, сондай-ақ дәмді тағамдары бар мейрамханасымен қуантады. Өзіңіздің аспаздық талғамыңызбен кез келген тағамды осы жерде әзірлеп береді. Бағасы – 14000 теңгеден.

"Тұмар" демалыс аймағында судың температурасы 40-45 градус болатын үлкен бассейн, барлық жағдайы бар бөлмелер қолжетімді бағада 7000 теңгеден басталады.

Ulan Resort демалыс орталығы қонақтарын жыл бойы жүзу бассейндерімен қуантуға дайын, олардың бірі, ең жақсы шетелдік қонақүйлер дәстүріне сай, бармен жабдықталған. Ойын алаңдары, фото зоналар, таза бөлмелер мен мейрамханалар орналасқан. Жоғарыда айтылғандардан басқа, all inclusive жүйесінде демалу мүмкіндігі қарастырылған.

"Ыстық бұлақтар" экосаябағы тоғыз бассейнді аквапарк ашты. СПА, хамам және спорт алаңдары бар. Бағалары 10 000 теңгеден басталады.

Егер сіз жай ғана өтіп бара жатсаңыз да, ыстық суда шомылғыңыз келсе, бірақ қонақүйде түнеп ақша жұмсаудың қажеті жоқ деп санасаңыз, сіз үшін бұл жерде керемет мүмкіндік бар. Жергілікті ауыл тұрғындарының аумағында "қолдан жасалған" бассейндер бар. Олар сізге екі сағатқа 500 теңгеге шомылуға мүмкіндік береді. Осындай демалыстан кейін керемет көңіл-күймен сапарыңызды қайта жалғастырасыз.

Жақында Алматы маңындағы ыстық бұлақтар қазақстандықтар арасында ерекше танымалдылыққа ие болып жүр, оны әлеуметтік желілердегі керемет пікірлерден байқауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kira (Kirilyuk)(@kira_halina)

"Керемет демалыс, әсіресе бассейннен шыға алмай қалатын мен сияқты адамдар үшін. Біз осында бірінші рет болдық, маған бәрі ұнады", - деп пікір қалдырған екен алматылық ару.

"Жоқ! Бұл Мальдив аралдары емес! Бұл біге жақын өте керемет жер! Ешкім біле бермейтін жер! Суы таза, шамамен 35 пайыз, ғажап, жұмақтай!" - деп сипаттайды тағы бір желі қолданушысы.

Жақында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтеді, бұл деген Шонжы ыстық су көздерінде демалып, денсаулықты нығайтуға тамаша мүмкіндік туады деген сөз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сергей Панихин (@sergeypanikhin)

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.