1922 жылдың қаңтарында Орынборда қазақстандық метеорологиялық бюро (Қазметбюро) құрылды.
2022 жылы 100 жылдығын атап өткелі отырған "Қазгидромет" кәсіпорнын осы жылдар аралығында кәсібін қатардағы метеоролог болып бастаған Данара Әлімбаева басқарып отыр деп жазады Экология министрі Серікқали Брекешев өзінің Twitter парақшасында.
Данара Әлімбаева
"Биыл "Қазгидрометке" 100 жыл! Қызметін қатардағы метеоролгтан бастаған Данара Әлімбаева жайлы да ерекше айтқым келеді. Бұл - мекеменің 100 жылдық тарихындағы бірінші жайт" - деп атап өтті ол өзінің жазбасында.
Айта кететін жайт, Қазақстан аумағындағы алғашқы метеорологиялық бақылаулар ХІХ ғасырдың ортасынан басталып, 1848 жылы Қазалы, 1854 жылы Семей, 1856 жылы Ырғыз және Қызылорда, 1859 жылы Алматы және Орал станцияларында тіркелген. Осылайша ХХ ғасырдың басында 28 станция жұмыс істеген.
Ал бүгінгі күні жерүсті бақылау желісі 347 метеорологиялық станцияны құрайды. Бұл Қазақстан аумағын 78 пайыз метеорологиялық мониторингпен қамтиды деген сөз.
Аталмыш кәсіпорын туралы деректі фильмде өз құттықтауымды жеткіздім - деген С.Брекешев ғасыр жасаған ұжымға табыс тілеймін - деп өз жазбасын қорытындылаған.