100 елдің азаматтары виза рәсімдемей-ақ Қазақстанға келе алады. Бұл туралы үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Министр өз сөзінде Қазақстанда шетелдік туристерге қолайлы жағдай жасалатынына уәде берді.
"Визасыз елдер тізбесін 100-ге дейін ұлғайту (2022 жылы - 79 ел) және жаңа тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі пысықталып жатыр. Саладағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру жалғастырылатын болады, атап айтқанда, даму әлеуеті барынша жоғары туристік дестинацияларда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді", - деді министр.
Ораловтың айтуынша, кешенді шаралар барысында инвестиция өсімі 260 миллиард теңгеге жетеді. Саладағы жұмыспен қамту 800 мың адам болады.
"Министрлік өңірлердегі бизнеске қолдау көрсетеді. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында кәсіпкерлік белсенділік артады. Аталған шаралар жаңа салалық Тұжырымдама шеңберінде іске асырылатын болады. Нәтижесінде ішкі туристер 11 миллионға дейін, шетелдік туристер 4 миллионға дейін өседі деп күтіледі", - деді Асхат Оралов.
2023 жылы визасыз қай елге баруға болады? Қазақстандықтар үшін елдер тізімі
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!