10 мыңнан аса петроглиф. Ешкіөлмес жартастарында қандай ежелгі суреттерді кездестіруге болады?

Ешкіөлмес – жыл он екі ай жайылымға бай жерлерді көшпелі қазақ малшылар осылай атайтын. Талдықорғанның оңтүстігінде бір сағаттық жерде дәл осындай жерді кездестіруге болады. Мұнда Көксу өзенінің құнарлы алқабы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен ғана қызықтырмайды. Жергілікті таулар ашық аспан астындағы сурет өнерінің көрмесі іспетті. Kaz.tengritravel.kz портал Aviata.kz сервисімен бірге Ешкіөлместе сирек кездесетін қандай ежелгі суреттер жасырылғаны жайлы баяндайды.

Ешкіөлмес тауларының оңтүстік беткейлерінде 24 шатқал бар, олардың жоғарғы ағысында жартас суреттері шоғырланған, ал аңғар сағаларында және тау етегінде әр дәуірдегі қорымдар мен қоныстар орналасқан. Бұл жердің табиғаты өте әсем: тоғайлы Көксу өзенінің аңғары, Ешкіөлмес тауларының жартастары, Көксу алқабы мен оның айналасындағы таулардың керемет көрінісі.


Фото Сергей Алексеенок

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ako (@akowildrider)

Бұл – саны жағынан, сызбалары мен сюжеттерінің алуан түрлілігі, көркемдік мәнерлілігі жағынан ерекше жартастағы суреттер кешені. Ешкіөлмес – Қазақстандағы петроглифтердің ең үлкен жинақтарының бірі. Мамандардың айтуынша, мұнда 10 мыңнан астам сурет бар. Жартастағы суреттердің нақты саны анықталған жоқ, өйткені археологтар жыл сайын жаңа, бұрын белгісіз болған петроглифтерді ашады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yuliya Yushina (@juliette.yu)

Жалпы бұл археологиялық кешен 250-ден астам түрлі үлгідегі ескерткіштерді – қоныстар, қорымдар, құрбандық орындары мен петроглифтерді қамтиды. Олардың ең ертесі біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың ортасына жатады. Алғашқы петроглифтердің бірін 1982 жылы Абай атындағы ҚазПИ экспедициясы тапқан.


Фото Дарья Лапина

Алайда Көксу өзені аңғарындағы петроглифтер туралы мәліметтер XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Кейінірек, ХХ ғасырдың 70-жылдарында олар туралы геолог Людмила Ивановна Скрынник хабарлады. 1982 жылы сызбалар табылғаннан кейін ескерткіштер кешенін зерттеу тағы бірнеше жылға жалғасты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от #Nomad (@almas_tangytuly)

Ешкіөлмес жайындағы аңыз

Неліктен бұл жерлер осындай ерекше атауға ие болды? «Ешкіөлмес» сөзі Қазақстан топонимиясында кең таралған. Қазақ малшылары жыл бойы жайылымға бай өлкені осылай атаған.


Фото Дарья Лапина

Дегенмен, бұл атаудың шығуына байланысты халық эпосы да бар:

Бір күні жазық далаға бейнет келді. Жаздың аптап ыстығынан жайылымдағы шөптер әбден қурап, жанып кетеді, ал өзендердің кейбірі таязданып, кейбірі мүлдем тартылып қалған. Малға беретін жемшөп таусылады. Байлардың жағдайы қиындағанда, кедейлер жайлы айтпаса да түсінікті. Аштық жайлап кетеді. Бір шопанның жаздың ортасында лақтайтын ешкісі ғана қалған еді. Оны союға қолың бармайды, бірақ басқа амал жоқ: қойшының шиеттей бала-шағасы да аш қалған еді.

Шопан ешкіні союға дәті бармай, ұзақ жүреді, бірақ бір күні уақыты жетті деп ойлайды. Ешкі қарсылық танытпайды, иесі өткір пышақты көтере бергенде, көзіне көзі түсіп, бауыздауға қолы бармайды. Шопан пышақты тастай салып, отыра қалып, көзіне жас алады. Онымен бірге әйелі мен балалары да жылайды. Ешкі болса, орнынан тұрып, белгісіз бағытқа жүріп кетеді, соңымнан еріңдер дегендей сыңай танытады. Адамдар жиған-тергенін көтеріп, ешкінің соңынан ереді.


Фото Сергей Алексеенок

Олар бір күн жүреді, екі күн жүреді, нәр татпай тек бұлақтан су ішеді. Үшінші күн дегенде ешкі оларды аласа тауларға алып келеді. Жазықтағы көк шөп сол жаздағы барлық шөптердей қурап қалған, тау баурайында қалғандары бар еді, ешкіге соның өзі нәр болып, көк шөпті тойғанша жейді. Бір күннен ешкі төлдеп, ақмаңдайлы екі лақ туады. Оның сүті дала шөбінен қышқыл тартса да, лақтарға күш-қуат береді. Бұл оқиға өте ертеде болған, бәлкім, үш жүз жыл бұрын, бәлкім, мың жыл бұрын. Ол шопан өмірден өткелі талай заман болған, ал таулар сол күйі тұр. Халық оны Ешкіөлмес деп атап кеткен. Жаздың аптап ыстығы болсын, қыстың үскірік аязы болсын, бұл таулардың баурайында малға әрдайым шөп табылады.


Фото Дарья Лапина

Шынында да, ешкі жайлы аңыз ең көне және тұрақты сюжет болып табылады. XX ғасырдың басындағы этнографтар мұндай сюжеттердің культтік сипатын көрсетті. Айтпақшы, жануарлардың бейнелері көбінесе культ болып табылады. Бұл ретте жануарлар бейнеленген сюжеттер бірнеше түрге бөлінеді. Неліктен кейбір жануарлар ежелгі дәуірде Құдайға айналды, ал басқалары жоқ деген сұрақ әлі де шешімін таппаған.

Петроглифтер –ата-бабадан қалған ежелгі мұра

Ешкіөлмес тауындағы шатқалдар батыстан шығысқа қарай 20 шақырымға созылып жатыр. Олардың әрқайсысында сіз петроглифтердің жеке шағын топтарын көре аласыз. Көбінесе бұл жануарлар пішіні, сирек аң аулау көріністері. «Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер» кітабында авторлар «Петроглифтерге қатысты ғылымдағы ең қиын және жеткілікті зерттелмеген мәселелердің бірі – жеке сюжеттерді ашу және көне суреттердің мәні мен мақсатын анықтау» деп атап көрсетеді. Бұл туралы төменде баяндалады.

Фото Silkadv

Шектеулі аумақта ескерткіштердің көптеп шоғырлануы Жетісудың үш жарым мың жылдан астам уақыт бойы сақталған шаруашылық және мәдени маңызының зор екенін көрсетеді.


Фото Сергей Алексеенок

Ешкіөлмес петроглифтерінің эстетикалық құндылығы мен тарихи маңызы жоғары. Туристік бағыт ретінде бұл аймақ барлық санаттағы келушілерге, соның ішінде туристер үшін өте тартымды болып табылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Маргарита Руденко (@rudenko__margarita)

"Көксу алқабының өзі әдемі жер. Бұл жер аса танымал болмағандықтан, әзірге туристер саны аз. Оның себебі петроглифтердің кең аумақта шашыраңқы болуынан шығар. Өкінішке орай, вандалдар да жоқ емес. Олар ежелгі петроглифтердің үстіне өз жазуларын қалдырып кетеді. Мыңдаған жылдар бойы жартастарда суреттер барын көргенде, олар да сурет салғысы келіп кете ме, түсініксіз», - деп бөліседі журналист Сергей Алексеенок.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гид в Алматы . Оксана Танская (@guideinalmaty)

Шатқалдардан ғасырлар бойы сақталған жартастағы суреттерді тауып, айналадағы табиғат көрінісін тамашалауға туристер сирек келеді. Мұнда табиғат аясындағы демалыс пен ежелгі тарихты зерттеуді біріктіріп керемет өткізуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Горы вдохновения! (@leka_mountains)

Бір қызығы, шатқал ғылыми әлемде шетелде де, Қазақстанда да кеңінен танымал. Бірақ ол туралы жергілікті халық арасында санаулы адамдар ғана біледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anya Savoskina (@anyasavoskina)

Сонымен, мұнда қандай ежелгі суреттерді көруге болады, ең бастысы, оларды қайдан іздеу керек? Ыңғайлы болу үшін археологтар шатқалдарды географиялық қағида бойынша нөмірлеген. Петроглифтердің үлкен жинағы 10 шатқалдан табылған: N5, 6, 10, 12, 13, 14, 18, 19, 22 және 24. Ешкіөлмес жотасы петроглифтерінің негізгі бөлігі осы шатқалдарда шоғырланған. Қажет болады деген оймен картаны да қосамыз.


Ешкіөлмес тауындағы петроглифтер" кітабынан скриншот

Қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің ең қызықты және көп бейнелері әлі жазбаша тілі болмаған халықтар арасында пайда болды. Олар үшін суреттер белгі жүйесі ретінде қызмет етті. Археологтар ежелгі дәуірде петроглифтер тек шығармашылықтың бір түрі болған жоқ: олар халықтың дүниетанымы мен ежелгі діни идеялармен байланысты болды.

«Қазіргі оқырмандар, егер ол осы саланың маманы болмаса, күмән тууы мүмкін: көптеген шайқастар мен аңшылық көріністер жартастарда өмір көріністері емес, пұтқа табынушылардың діни бейнелері бейнеленгеніне сендірмейді. Қола дәуіріндегі адам мен біздің заманымыздағы адамның ойлау қабілеті бірдей емес. Ол дәуірде ойлау мифологиялық болды. Миф адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырды», - деп бөліседі археологтар.

Жартасқа салынған суреттердің ішінде ешкіні құрбандыққа шалған қызық көріністі кездестіруге болады. Жануардың төңкерілген пішіні оның бауыздалғанын білдірсе керек. Қолдарын жанына көтерген жұптың бейнесі композицияның символдық сипатын көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ төртбұрышты стильдегі жануарлардың пішіндері бар. Ұзын денелі ешкі, бұғы, сондай-ақ садақ ұстаған шабандоздың суреттері өте қызық.

Фото Silkadv

Фото Сергей Алексеенок

Сонымен қатар, садақ пен жебе ұстап, сауыт киген ортағасырлық жауынгер, қарғыбаудағы тазы иті бар көшпенді, қолына үлкен сойыл ұстаған адаммен шайқас суреті және босанған әйелдің ерекше бейнесі. Босанатын әйелдің мұндай бейнесі археологиялық мәліметтер бойынша тек Ешкіөлместе және кей жерлерде ғана кездеседі. Бұл кішкентай адамның қолдары мен аяқтары шығып тұратын үлкен адамның бейнесі. Күйме суреттерінің ең көп жинағы Ешкіөлмес тауларында шоғырланған. Бұл петроглифтер культ болып саналады. Күймедегі күн басының пішіні ерекше қызығушылық тудырады.


"Ешкіөлмес тауындағы петроглифтер" кітабынан скриншот

Бұл ою-өрнектер тасқа бедерлеу, кесу және ою арқылы салынған. Мұның бәрі жергілікті тау жыныстарының ерекшеліктеріне байланысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от сергей алексеенок (@alekseenok76)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от сергей алексеенок (@alekseenok76)

Ешкіөлмес таулары

Жергілікті таулар салыстырмалы түрде аласа, бар болғаны 850-1300 метр. Олар Жетісу/Жоңғар Алатауының бас жотасының солтүстік-батыс сілемдеріне жатады. Олардың ерекшелігі асимметриясында: солтүстік беткейлері жұмсақ, аздап дөңес, тығыз шөпті өсімдіктер басым.


Фото Индира Жуматаева

Ал оңтүстік беткейі тік және жайылымға да, адам тұруға да жарамсыз терең және тік жартасты шатқалдар тізбегінен тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елизавета Воробьёва (@solyarnyi_chelovek)

Тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілмегенімен, ескерткіш мемлекет қорғауында. Ал Ешкіөлмес кешені Қазақстаннан ЮНЕСКО-ның алдын ала Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді. Алайда, археологиялық кешеннің жанында ешқандай күзет жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВУНДЕР кэмп (@wundercamp.kz)

Ешкіөлмес археологиялық кешені Алматы облысының Ескелді ауданында, облыс орталығы – Талдықорған қаласынан оңтүстікке қарай 14 шақырым жерде орналасқан. Ол жерден Қарабұлақ ауылына баратын тас жолдың бойымен Ешкіөлмеске көлікпен жетуге болады. Қарабұлақ ауылынан Ешкіөлмес петроглифтеріне жету қиын болғандықтан, жол талғамайтын көлікпен барған жөн.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елизавета Воробьёва (@solyarnyi_chelovek)

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.