Словакия

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қысқаша мәлімет


Иконка комментария блок соц сети

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Орталық Еуропада орналасқан мемлекет
Астанасы: Братислава
Ірі қалалары: Кошице, Нитра, Прешов, Жилина
Жер көлемі: 48 845 мың шаршы шақырым
Телефон коды: +421
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT+2)
Виза: Шенген
Тілі: словак
Валютасы: еуро
Халқы: 2019 жылы 5,444 миллион адам
Діни сенімдері: католик
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: Е. 230 В, 50 Гц

Словакия географиясы мен климаты

Словакия Еуропаның қақ ортасында, Карпаттың солтүстік-батыс шеті аралығында орналасқан. Жоғары Татра тауларының шыңдары Словакияның солтүстік-шығыс шекарасы Польшамен созылып жатыр. Герлаховский-штит (2655 метр) - ең биік тау шыңы. Словакия территориясының 80 пайызын теңіз деңгейінен 750 метр биіктікте орналасқанына қарамастан, Венгриямен шекараны құрайтын Дунай өзенінің жағасында құнарлы Нитра ойпаты бар. Словакия солтүстік-батыста Чехиямен, оңтүстік-батыста Австриямен және шығыста Украинамен шектеседі.

Словакия климаты орташа континенталды, айқын жоғары зоналық болып келеді. Қаңтардың орташа температурасы жазықтарда -1 градустан -4 қрадусқа дейін, таулы аймақтарда -10 градусқа дейін, шілдеде жазықтарда +19 градустан +21 градусқа дейін, тауларда + 8-12 градусқа дейін болады. Жазық жерлерде жауын-шашын 450-ден 700 миллиметрге дейін түседі. Жылына (негізінен қыста және маусымнан тыс), тауларда - 1600-2100 миллиметрге дейін жауын-шашын түседі. Сонымен бірге, таулы аудандардағы қар түседі, жылына 4-5 айды құрайды, ауа-райы айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, жиі еріп кетеді. Мамыр, маусым және қыркүйек - бұл ең қолайлы айлар, тау шаңғысы демалысы үшін қараша мен наурыз аралығында ең қолайлы кезең болып табылады.

© pixabay.com

Словакия экономикасы

Словакия - дамыған индустриалды-аграрлы республика. Салыстырмалы түрде дамыған әртараптандырылған ауыл шаруашылығы заманауи материалдық-техникалық база мен инфрақұрылымға негізделген. Чехословакия ыдырағаннан кейін Словакия біртіндеп жоспарланған экономикадан нарықтық экономикаға өтті. 2000 жылдары Словакия Үкіметі жүргізген салық салу, денсаулық сақтау, зейнетақы жүйесі және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы реформалар оның 2004 жылы Еуропалық Одаққа мүшелікке өтуге өтініш беруіне мүмкіндік берді. 2009 жылы Словакия Еуроаймақтың мүшесі болды және еуроны енгізді. Экономиканың барлық салалары жеке меншікке өтті.

Соңғы жылдары Словакияда қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келеді. Қазір бұл салада ел халқының шамамен 57 пайызы жұмыс істейді. Қызмет көрсету саласы ІЖӨ-нің 59% -на тең кіріс алады. Соңғы жылдары туризм үлкен табыс әкелді. 2018-2019 жылдар аралығында бұл саладан түсетін кірістер 2 есе өсті. Туризм ел экономикасында маңызды рөл атқарады: әр түрлі табиғи ландшафттар, бай мәдени дәстүр, дамыған қонақүйлер желісі, санаторийлер мен спорттық нысандар демалу, емделу және саяхаттауға кең мүмкіндіктер береді.

Қазіргі таңда Словакияда мынадай экономикалық салалар жақсы дамыған: автомобиль жасау, электроника, машина жасау, химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар. Автотехника Словакиядағы қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады және бұл ең алдымен Volkswagen, Peugeot және Kia Motors-тың соңғы уақыттағы үлкен инвестицияларымен байланысты болып келеді.

Металлургия - Словакияның кейбір облыстарындағы қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Шетелдік және мемлекеттік кәсіпорындар ұсынатын электротехника өндірісі Словакия экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Бұл салаға жаңа инвестициялар тартылып, дамуын жалғастырып келеді.

Словакияның оңтүстік бөлігі бай ауылшаруашылық жерлерімен танымал. Келесі дақылдар өсіріледі: бидай, қара бидай, жүгері, картоп, қант қызылшасы, жемістер мен күнбағыс. Жүзімдіктер Кіші Карпат, Токай және басқа оңтүстік аймақтарда шоғырланған. Келесі ірі қара мал түрлері өсіріледі: шошқа, ірі қара, қой, құс, т.б.

Словакия тарихы

Словакия тарихы негізгі төрт кезеңге бөлінеді: X ғасырдағы Венгрия жаулап алудан бұрынғы кезең; 1918 жылға дейін венгрлік билік дәуірі; Чехословакия кезеңі (1918-1992 жылдары) және тәуелсіз Словакия Республикасы (1993 жылы 1 қаңтардан бастап). Қазіргі словактардың ата-бабалары шамамен 5 ғасырдан бастап Карпаттың оңтүстік беткейлерін мекендеген. IX ғасырда Ұлы Моравия империясы құрылды, оған словактар да, көршілері чехтер де кірді. Христиан дінін уағыздаушы Кирилл мен Мефодий IX ғасырда словактарға христиан дінін қабылдатты. X ғасырдың басында венгрлердің шапқыншылығы кезінде Ұлы Моравия империясы жойылды. Словакия Чехия мен Моравия жерлерінен бөлініп, венгрлердің қол астына өтті.

Венгрия жаулап алған елді негізінен шаруалар мекендеді. Мажарстан словактарға жеңілген халық ретінде қарады. XIII ғасырда Словакия аумағы басып кірген моңғолдардың жойқын шабуылына ұшырады. Кейінірек иммигранттардың келуімен (негізінен Германиядан) Словакия жерлерінің экономикалық дамуы басталды. Қалалар өсті, словакиялық бургерлер класы пайда болды. XIII-XIV ғасырларда словактар мен чехтер арасындағы байланыс қалпына келтірілді. Чехиядағы хуситтік қозғалыс Словакияға да әсер етті.

1867 жылы Австрия-Венгрияның құрылуы ішкі мәселелерді шешуде венгрлерге автономия берді және "венгрияландыру" арқылы күшейтілген саясат 1868-1918 жылдары Словакияда жүргізілді. 1907 жылы венгр тілі бастауыш мектепте оқыту тілі болды. Содан кейін словактар австриялықтардың күшінен босатылған чехтермен тығыз байланыс орната бастады. Чехословакия мемлекеті Бірінші дүниежүзілік соғыста Австрия-Венгрия құлағаннан кейін пайда болды. Содан кейін Словакия, Рутения, Богемия және Моравия біріктіріліп, Чехословакия болды.

1989 жылы Чехословакиядағы коммунистік режимнің құлдырауы словак ұлтшылдығының өршуіне алып келді және Словакияға автономия берілуін талап етті. 1992 жылы маусымда солшыл ұлтшыл Владимир Мециар үкіметті басқарғаннан кейін, Словакия парламенті егемендікті талап етіп, 1993 жылы 1 қаңтарда федерация бейбіт жолмен ыдырады.

Сайлаудан кейін көп ұзамай Мециар Словакияда жекешелендіруді тоқтата отырып, мемлекеттік кәсіпорындарды сатуды тоқтатты және егер олар үкіметтің әрекеттерін сынға алса, бұқаралық ақпарат құралдарына цензура арқылы тосқауыл қойды. Көптеген словактар Мециардың авторитарлық билігін құрметтей бастағаны таңқаларлық емес. Демократияға қарсы заңдардың қабылдануы түрлі құқық қорғау ұйымдары, Еуропа лидерлері және АҚШ президенті Клинтон тарапынан қатты сынға алынды. 1993 жылы 19 қаңтарында Словакия Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1993 жылдың 30 маусымында Словакия Еуропа Кеңесінің мүшесі болды. Арада он бір жыл өткен соң, Словакия НАТО мен Еуропалық Одаққа қабылданды, екі оқиға да 2004 жылы болған. 2009 жылы Словакияның ұлттық валютасы болып еуро бекітілді.

Қазақстандық туристер үшін Словакия несімен тартымды?

Словакия - Еуропаның орталығында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге бай, әсем табиғаты бар шағын мемлекеттердің бірі. Жыл сайын осы мемлекетке миллиондаған туристер келеді. Словакия астанасы Братислава туристтерді өзінің әсем түнгі өмірімен, сауық-сайранымен, ғажайып табиғатымен қызықтырады. Табиғатты сүйетіндерге Словакия таптырмас саяхат болады. Татраның биік шыңдары мен Словак Жұмағы аталған ұлттық саябақтары туристтерді қызықтырмай қоймайды.

Словенияда бес жұлдызды қонақүйлер өте аз, тек Братислава қаласында орналасқан. Словакияда, негізінен үш немесе төрт жұлдызды қонақүйлер кең таралған. Сонымен қатар, пәтерді уақытша жалға алып тұруға болады. Елде көптеген кемпингтер, хостелдер, санаторийлер бар. Хостелдер жылы, таза, жайлы болғанымен, ескі жиһаздары, интернет байланысының төмендігімен, бөлмелерінің тарлығымен көзге түседі.

Братиславада хостелде тұру күніне - 21 еуро, үш жұлдызды қонақүйде тұру - 31 еуро, бес жұлдызды қонақүйде тұру - 119 еуроны құрайды. Кошицеде үш жұлдызды қонақүйде тұру күніне - 54 еуро, Смоковцеде кемпингте тұру - 37 еуро, Дудинцеде қонақүйде тұру күніне - 30 еуродан басталады.

Словакияға қалай жетуге болады?

Сіз Алматыдан Словакияға тікелей рейс, ауысымдық рейс немесе чартер арқылы жете аласыз. Ауысымдық рейс тікелей рейске қарағанда арзанырақ түседі. Рейстер Алматыдан Братиславаға Алматы әуежайынан (ALA) ұшады. Алматыдан ұшақтарды Братиславадағы Иванко (BTS) әуежайы қабылдайды.

Словакиядағы көлік қозғалысы

Қалаларында қоғамдық көліктер - автобустар, троллейбустар жүреді. Жол ақысы талондармен төленеді. Билеттердің жарамдылығы шектеулі (15, 30 немесе 60 минут), сондықтан сапарға дейін оларды қатаң түрде сатып алу керек. Бір жолғы билеттердің бағасы 0,7-3,1 еуро, 3 күндік билеттер - 8 еуро. Оларды DPHMB кеңселерінде, жерасты өткелдерінде, дүңгіршектерде және теміржол вокзалдарының кассаларында сатып алуға болады.

Словакиядағы таксилер арзан, есептегіш құралдарымен жабдықталған және қалалардың аздығына байланысты көп сұранысқа ие емес. Оларды телефон арқылы тапсырыс беріп шақыра аласыз. Стандартты тариф, яғни, бір реттік жол құны 1-2 еуро, бір шақырым үшін 0,50-1 еуроны құрайды.

Словакияда қайда баруға болады?

Словакия мемлекетінде көз тартарлық тарихи-мәдени ескерткіштер курорттық жерлер өте көп. Жыл сайын осы көрікті жерлерді тамашалауға мыңдаған туристтер келеді. Көрнекті жерлері мынадай: Кошице қаласындағы Еуропадағы шығыстық тарихи готика стилінде салынған әйгілі венгриялық Әулие Елизабет шіркеуі, Левочтегі Әулие Якуб шіркеуі, Бан Штявницедегі Тау академиясы және т.б.

Кремницедегі Теңге сарайы - Словакияның мемлекеттік теңге сарайы. Еуропадағы ең көне мемлекеттік ғимарат және әлемдегі ең көне теңге сарайы болып табылады. Спиш қалашығы - орталық Еуропадағы ірі ортағасырлық кешендердің бірі.

Ең керемет табиғи ескерткіштер: Красногор үңгірі - 34 метр тереңдіктегі салмағы 2000 тонна болатын сталагмит үңгірі, Житний аралы - көлемі 132 612 га болатын Еуропадағы ең ірі өзен аралы, Охтинск арагонит үңгірі - Еуропадағы жалғыз арагонит үңгірі және т.б. Еуропаның орталығында орналасқан, көпжылдық тарихы мен басқа халықтардың араласуы Словакияның тарихы мен мәдениетіне өшпес із қалдырды. Словакия мемлекетінің ең қымбат, тарихи ескерткіштері Бүкіләлемдік ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.

Словакия асханасы

Словакияның ұлттық тағамдары көбінесе еттен жасалады. Тағамдары шошқа етінен, картоптан, ірімшік және қою тағамдық қоспалардан дайындалады. Словакияда күріш өсірілмесе де, словак тағамдарын дайындауда жиі қолданылады. Көкөніс көп қолданылмайды, тек үлкен көлемде қырыққабатты тұздап, қолданады. Словак халқы ерте таңғы асч ішкенді ұнатады. Таңғы асқа негізінен, сары маймен, ірімшікпен, шошқа етімен нан, суға қайенатқан, қуырылған жұмыртқа, шұжық, көкністер, бал мен тосап жейді. Негізгі тағам қабылдайтын уақыт - түскі ас уақыты. Басты тағамдары - сорпа мен негізгі қою тағам.

Словак халқының сүйіп ішетін сусындары да жоқ емес, олар шарап, сыра және атақты словак сливовица сусыны. Арзан кафеде түскі ас бір адамға 10-15 еуро, фаст-фудтағы жеңіл тағам - 5-8 еуро, мейрамханадағы кешкі ас - шарапты қоспағанда, екі адамға 35-40 еуро тұрады.

Словакиядағы қауіпсіздік

Словакия қонақжай, тыныш және қауіпсіз ел: туристерге қарсы қылмыстар өте сирек кездеседі. Қалта ұрылары қоғамдық орындарда жүреді, сондықтан жолаушының ақшасы, құжаттары мен құнды заттардың қонақүй сейфінде болғаны жөн.

Ақшаны тек банктерде және ресми ақша айырбастау пункттерінде ауыстыру қажет. Тұрақта қалдырылған көлікте ештеңе қалдырмаңыз. Таулы аймақтарында ерекше қырағылық қажет: ауа-райын мұқият қадағалап, жүрген жол маршрутыңызды өшірмеңіз. Қорықтарда қонақүйлер мен лагерьлердің аумағынан тыс жерлерде шатырлар орнатуға, қоқыс төгуге және тіпті гүл жұлуға тыйым салынады.

Словакиядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Көптеген дүкендер күн сайын, жексенбіден басқа күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты: 7:00-9:00-ден 18:00-19:00 дейін (көбінесе түскі үзіліспен) жұмыс істейді. Сенбіде көптеген дүкендер 8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Таңертеңгі 8-ден таңғы 5-ке дейін өнімдерді "вечерка" деген жазуы бар дүкендерден сатып алуға болады.

Словакиядан кәдесый ретінде боялған Пасха жұмыртқалары, дәндерден жасалған мүсіндер, керамика, ағаштан жасалған мүсіндер, ұлттық киімдегі қолдан жасалған қуыршақтар, қой жүнінен жасалған заттар, Фудараның талғампаз флейталары әкелінеді. Елде қолөнер бұйымдарын сатудың бірыңғай желісі бар - ULUV маркасы, оның дүкендері барлық ірі қалаларда бар.

Сондай-ақ, ең әдемі словак хрусталі, ағаштан жасалған тостағандар - "хрпаки", сәндік боялған "валаски" балталары және терапевтік балшық қосылған косметика да аса танымал. Тәтті сүйетіндерге арналған кәдесыйлар - балды бәліштер, татранка печеньесі және Фигаро шоколады. Жеуге болатын кәдесыйлар тізімін жергілікті ірімшіктер және асқабақ майы толықтырады.

Ірі дүкендер мен сауда орталықтары Братиславада шоғырланған: мұнда киім, аяқ киім және басқа да әлемдік брендтердің өнімдері, сонымен қатар экстремалды спорт түрлеріне арналған жабдықтар сияқты ерекше заттар бар.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная