Зейнеткерлер қарттар үйіне бармай бір жарым жыл круиз лайнерінде өмір сүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр/A Current Affair Видеодан кадр/A Current Affair

Аустралиялық жұп жер әлемді шарлайтын круизге 51 бронь алып, саяхаттаған. Бір қызығы олар осылайша қарттар үйіне беретін қаражатын үнемдеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі A Current Affair басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Аустралиялық жұп жер әлемді шарлайтын круизге 51 бронь алып, саяхаттаған. Бір қызығы олар осылайша қарттар үйіне беретін қаражатын үнемдеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі A Current Affair басылымына сілтеме жасап.

Марти мен Джесс Ансендер бір жылдан аса уақыт Princess Cruises компаниясына тиесілі Coral Princess круиз лайнерімен әлемді шарлаған. Туристердің айтуынша, бұл Аустралияда қарттар үйінде тұрудан гөрі әлдеқайда арзан екен. "Сонымен қатар лайнерде тазалау жұмыстарын, тамақ істеу, ыдыс пен киім жуып жүрмейсің", - дейді олар.

Аустралиялықтардың мұндай сапарға шығуына пандемия кезіндегі локдаун шабыттандырған. Барлық шектеулер алынған бетті, зейнеткерлер "әлемді көргісі" келіп, басқа да адамдармен танысып, достасқысы келген. Ансендер күнсайын кереметтей кеменің палубасында коктейл ішіп, бассейн маңында күнге қыздырынып, кешкі дискотекада би билейді.

Зейнеткерлер кемеде 455 күн болған - осылайша олар кейбір экипаж мүүшелерінен де кемеде көп болған. Ансендер круиз әлемінде танымал болды: басқа қонақтар аустралиялықтарды танып, қызметшілерден олар бортта ма деп сұрайтын көрінеді. Отбасылық жұп саяхатты тоқтатпақ емес: таяу уақытта олар басқа лайнермен тағы да жер әлемді шарлауға шықпақ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная