Зерттеушілер қонақүйде шаш кептіргішті неге пайдаланбау керегін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

"Келесі жолы сіз қонақүйге барарда өзіңізбен бірге шаш кептіргішті алғыңыз келеді". Мұндай пікірмен микробиолог Чарльз Герб туристерді қорқытты. Маман америкалық ABC басылымы үшін Лос-Анджелес қонақүйлеріндегі тоғыз қонақүй бөлмесін сынап көрді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Келесі жолы сіз қонақүйге барарда өзіңізбен бірге шаш кептіргішті алғыңыз келеді". Мұндай пікірмен микробиолог Чарльз Герб туристерді қорқытты. Маман америкалық ABC басылымы үшін Лос-Анджелес қонақүйлеріндегі тоғыз қонақүй бөлмесін сынап көрді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бұл бөлмелер үш-бес жұлдызды қонақүйлерге тиесілі болды. Зерттеуде бөлмелердің ең лас бөліктері анықталды, ал қарапайым шаш кептіргіш солардың ең қауіптісі болып шықты.

"Көптеген қонақүй бөлмелерінде дәретхана орнына қарағанда шаш кептіргіште микробтар көп. Мәселе тазалағыштардың дәретхана, ванна және қонақүйдегі қолжуғыш сияқты орындарға назар аударатынына байланысты туындайды. Нәтижесінде, туристер жиі жанасатын орындар мен заттар тазартылады. Ал ешқашан тазаланбайтын басқа заттар - жарық қосқыштары, теледидар пульті, бөлме қызметінің мәзірі, шаш кептіргіш уақыт өте келе лас бола бастайды", - деді микробиолог.

Сондай-ақ, ол кейбір туристер "шаш кептіргішпен өте түсініксіз нәрселер жасады" деп шағымданды, өйткені құрылғыда "өте жұқпалы" микроорганизмдер табылды.

Сонымен қатар, басқа сарапшылар қонақүй бөлмесінің "жиіркенішті" бөліктеріне кондиционерді де қосқан. Мамандар қызметкерлер орындықтар мен креслоларды сирек тазалайтынын және оларға "ештеңе қоймастан" отырмауға кеңес беретінін еске салады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная