Жер-жаһан 28 ақпан 2024 14:41

Зарядтау құрылғысы салдарынан ұшақ өртеніп кете жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Thai AirAsia әуекомпаниясының ұшағында портативті зарядтау құрылғысы жарылып, арты өртке ұласты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі VnExpress сайтына сілтеме жасап.


Thai AirAsia әуекомпаниясының ұшағында портативті зарядтау құрылғысы жарылып, арты өртке ұласты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі VnExpress сайтына сілтеме жасап.

24 ақпан, сенбіде Бангкоктан Накхонситхаммаратқа демалуға кетіп бара жатқан отбасының зарядтау құрылғысы жарылып кетті.

Жарылыстан кейін әуекемесінде дүрбелең басталды. Қуанышқа орай жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бірлескен жұмысының арқасында өрт дер кезінде сөндірді.

Ұшақ кесте бойынша қауіпсіз жерге қонды. Тексерістен кейін ұшақ орындықтарының бірінде күйген жерлер анықталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!