Майамиден Ыстамбұлға ұшатын Turkish Airlines ұшағы бортта жолаушының қайтыс болуына байланысты Бухарест әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлады Digi 24 телеарнасы.
"Майами - Ыстамбұл рейсін орындаған Turkish Airlines ұшағы жолаушы ауырып, қайтыс болғаннан кейін Бухарестке қонуға мәжбүр болды", - деп хабарлайды телеарна.
Ұшақ сағат 14:58-де қонды. Бортқа әуежайдың медициналық бригадасы мен жедел жәрдем бригадасы көтерілді. Науқасқа стандартты реанимациялық процедура қолданылды, бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!