Ыстамбұлда туристер арасында танымал Гранд-базардың (Қапалы-шаршы) шатырында өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.
Өрт қала орталығындағы Сұлтанахмет ауданындағы базардың Мерджан қақпасының секциясының шатырында жергілікті уақыт бойынша шамамен 23:00-де басталған. Өрт туралы хабар жеткен соң оқиға орнына көптеген өрт сөндіру техникалары мен мамандар жұмылдырылған.
Ыстамбұл губернаторы Дәуіт Гүлдің айтуынша "Твиттер" желісінде былай деп жазды: "Үлкен базардың шатырында шыққан өрт ауыздықталды, суыту жұмыстары жалғасады".
Базар XV ғасырдан бері жұмыс істеп келеді, XIX ғасырдың соңында жер сілкінісінен біраз бөлігі зардап шекті.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!