Ыстамбұлда жарылыс болды

Ыстамбұлда тұрғын үйлердің бірінде жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі HaberTurk басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға Ыстамбұлдың Азия жағалауында, Кадыкей ауданында болған. Жарылыстың соңы өртке ұласып, өрт бірнеше ғимаратқа тараған.

Жарылыс салдарынан айналадағы ғимараттар мен бірнеше көлік зақымданған. Қазірше бір адам зардап шеккені белгілі.

Қазір өрт ауыздықталды, бірақ үш адам қаза тапты. Жарылыс кезінде жараланып, емделуге ауруханаға жеткізілген Өзбекстан азаматы да бар.

Оқиға орнына Ыстамбұл губернаторы Әли Ерликая мен провинция полициясының басшысы Зафер Ақтас келіп, тексерді.

Жарылыс пен өрттің нақты себебі тергеу жұмыстары аяқталған соң жұртшылыққа жарияланатыны хабарланды. Алдын ала болжам бойынша жарылыс газ баллонының жарылуынан болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!