Ыстамбұл маңындағы жағажайдан жарылмаған 28 мина табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© NTV © NTV

Ыстамбұл маңындағы Қара теңіздің жағалауында Шиле курортының жағажайынан 28 жарылмаған мина табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ыстамбұл маңындағы Қара теңіздің жағалауында Шиле курортының жағажайынан 28 жарылмаған мина табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап.

"30 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 10:00-де сүңгуірлер су астынан 28 жарылғыш зат тапқан, қауіпті заттың көзін жою үшін оларды құрлыққа алып шықты", - дейді Ыстамбұл провинциясының билік өкілдері.

Сүңгуірлер теңіз түбін әлі де тексеріп жатыр. Шиле полициясының мәліметінше, Софулар жағажайы жабылған.

Мұндай жарылғыш заттар бұрындары Румыния жағалауында және түркиялық бұғаздың маңында табылған екен.

Сәрсенбіде артиллериялық снарядтардың бақылауға алынған жарылыстармен көзі жойылған.

"Саперлар снарядтарды жалғап, бақылауға алынған жарылыспен жарған. Қауіпсіздік шарасы аясында таяу маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланған", - дейді дереккөз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная