Ямайкадағы курорт коронавирус анықталған туристердің ақшасын қайтарады

Ямайкадағы туристік компания клиенттерінің коронавирусқа ПТР-тестінің нәтижесі оң болса, турпакет сатып алған ақшасын саяхатшы келгенге дейін 24 сағат ішінде қайтарады. Мұндай қызметті "барлығы қосылған" жүйесі бойынша жұмыс істейтін Couples Resorts компаниясы ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Travel Pulse басылымына сілтеме жасап.

Жаңа бағдарлама Ямайкадағы туристерге және ересек жұптарға арналған. Төрт курортқа: Couples Tower Isle, Couples Sans Souci, Couples Swept Away және Couples Negril жолдама алғанда қолданылады.

Енді 17 мамырға дейін аталған курорттардың бірінде бес күндік турға тапсырыс бергендер үшін 2021 жылдың сәуірінен 24 желтоқсанына дейін саяхаттауға арналған алтыншы түн сыйлық ретінде беріледі. Сондай-ақ, ПТР-тестілеу тегін болады.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.