Яхтада көңіл көтерген туристер тұрғындардың ашуына тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бали аралында туристер пандемия кезінде яхтада кеш өткізіп, жергілікті тұрғындардың ашуын туғызды. Оқиғаның видеосы мен мән-жайы туралы Daily News жариялады, - деп хабарлайды Lenta.tu.


Иконка комментария блок соц сети

Бали аралында туристер пандемия кезінде яхтада кеш өткізіп, жергілікті тұрғындардың ашуын туғызды. Оқиғаның видеосы мен мән-жайы туралы Daily News жариялады, - деп хабарлайды Lenta.tu.

Таяуда шетелдік ондаған турист Балиден Гили аралдарына (Индонезия) жүзіп бара жатқан кемеде мереке ұйымдастырды. Демалушылар жаңажылдық Бали мерекесі "тыныштық күні" - Ньепи күні қарсаңында көңіл көтеріп, би кешін өткізген. Бұл күні жергілікті тұрғындар сыртқа шықпайды, жұмыс істемейді, электр қуатын пайдаланбайды және қонақ күтпейді.

Мемлекеттік тыныштық мерекесіне дайындыққа қарамастан, ер адамдар қайықтың төбесінде музыканы қатты қойып, билеген. Көңілді кеште түсірілген видеоны көрген желі пайдаланушылары наразылық білдірді. "Барлық шетелдік ақылды емес", "Ковидиоттар"," Надандық", "Біздің қонақтар осылай әрекет етеді", "Олар білмейтін сияқты" деп жазды олар.

2020 жылдың наурызынан бастап Бали аралы көптеген шетелдік саяхатшы үшін әлі жабық. Индонезия үкіметі өткен жылы пандемияға байланысты ел экономикасы 14 миллиард доллар жоғалтты деп мәлімдеген. 2020 жылы туристер ағыны 90 пайызға дейін төмендеді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная