Вьетнамның туристер үшін толық ашылу күні аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бухта Халонг, Вьетнам. Фото ©Shutterstock Бухта Халонг, Вьетнам. Фото ©Shutterstock

Вьетнам билігі "туристік құмсалғыш" жұмысының нәтижесіне қанағаттанып отыр. Сондықтан шекараның толық ашылуын ұзақ күте алмайды. Бұл туралы елдің мәдениет, спорт және туризм министрі Нгуен Ван Хунг мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.


Иконка комментария блок соц сети

Вьетнам билігі "туристік құмсалғыш" жұмысының нәтижесіне қанағаттанып отыр. Сондықтан шекараның толық ашылуын ұзақ күте алмайды. Бұл туралы елдің мәдениет, спорт және туризм министрі Нгуен Ван Хунг мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

Оның айтуынша, ел үкіметі 30 сәуірде шекаралық шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатыр.

"Біз вакцина алған саяхатшыларға Вьетнамның кейбір туристік ауданына баруға мүмкіндік беретін пилоттық схеманың нәтижелеріне өте қуаныштымыз. Схема қарашада іске қосылғаннан бері елімізге 7800 шетелдік турист келді", - деді Вьетнам министрі.

Сонымен бірге, ол туристік сектор үшін бұл сан ең аз екенін және Вьетнамның туристік бизнесі өмір сүруі үшін туристер саны едәуір көп болуы керегін атап өтті.

"Туристер Вьетнамға қауіпсіз жағдайда оралуға тырысады. Сондықтан біздің туристік бизнес тым ұзақ күте алмайды", - деді Нгуен Ван Хунг.

Нәтижесінде, оның айтуынша, үкімет 30 сәуірді "қолайлы уақыт" деп санайды. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная