Вьетнамда су тасқыны салдарынан бірнеше турист қаза тапты

Вьетнамның орталық бөлігінде төрт оңтүстіккореялық турист қаза тапты. Су тасқыны салдарынан олар мінген автокөлікті шайып кеткен - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі жергілікті VNExpress порталына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы жағдай танымал туристік Далат қаласында сейсенбіде болған. Туристер мінген джип арнасынан асып кеткен өзенді кесіп өтпек болған. Сол күні Далат қаласы орналасқан таулы Ладмонг провинциясында өзен суы үш күндік жаңбырдың салдарынан күрт көбейген.

"Туристердің денесі апат болған аймақтан бірнеше шақырым жерде ағыстың төменгі жағынан табылған", - деп жазады VNExpress тілшілері.

Саяхатшылар Далат табиғатын тамашалау үшін бір күндік экскурсияға барған. Автокөлік тізгінінде вьетнамдық ер адам болған, ол аман қалған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!