Вьетнам немесе Таиланд: қазақстандықтар үшін 2023 жылы қай елде демалған тиімді?

Демалыс маусымы аяқталып келеді, әрі сіз әлі де демалысқа қайда баратыныңызды таңдамадыңыз, Таиланд па әлде Вьетнам ба? Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі бір-біріне ұқсас болып көрінетін осы екі елге саяхаттаудың қыр-сыры жайлы баяндайды.

Қай кезде барған қолайлы?

Ең танымал Таиланд курорттарына (Пхукет, Краби, Паттайя) қарашадан сәуірге дейін бару керек. Жаңбырлы маусым мамырдың ортасынан қазан айының соңына дейін созылады. Жаңбыр күнде жауып, теңіз де буырқанып жатады. Ал Самуиде керісінше: демалыс үшін ең жақсы маусым - ақпаннан тамызға дейін. Қыркүйектің ортасынан қаңтардың соңына дейін жауын-шашынның көп түсуіне байланысты аралда туристер аз болады.

Вьетнамға барудың ең қолайлы уақыты - қаңтардан тамызға дейін. Сізді жылы күн, қалыпты ыстық ауа райы және жауын-шашынсыз күндер күтеді. Басқа айларда жаңбырлы, желді және ылғалды болады.

Қай жерде арзанырақ?

Тұрғын үй. Вьетнамдағы қонақүйлер арзанырақ. Мысалы, Нячангте маусым кезінде оң пікірге ие тұрғын үйді тәулігіне 10 долларға (алдын ала іздесеңіз, кейде арзанырақ) алуға болады. Фукуокте үш жұлдызды қонақүйлерде 25-40 долларға тұруға болады. Екінші жағынан, Таиландта тұрғын үйді ұзақ уақытқа жалға алу тиімдірек, жеңілдіктер бар.

Ал Вьетнамда азық-түлік арзанға түседі. Дәмханадағы түскі ас (салат, ет қосылған тағам немесе ыстық тағам + сусын) Таиландта 8 доллар тұрады. Вьетнамда ол 6 доллар тұрады. Екі елде де фастфудпен тамақтану әдетке айналған. Екі елде де көше тағамдары өте дәмді. Тауықтың төс еті қосылған кеспе (күріш) бірдей шамамен 2 доллар тұрады.

Қай елде баламен демалған қолайлы?

Егер бүкіл отбасыңызбен Оңтүстік-Шығыс Азияда демалуды жоспарласаңыз, онда Таиландты таңдаңыз. Әр қонақүй сізге нәресте төсегі мен нәресте күтіміне қажетті керек-жарақтарды, ал мейрамханада - биік орындық пен ас мәзірінде балалар тағамдарының керемет мәзірін ұсынады. Ойын алаңдары көп, сондай-ақ, әртүрлі клубтар, суға оңай жетуге болатын таза құмды жағажайлар бар.

Вьетнамда балалармен сіз тек Фукуокқа немесе Нячангқа баруыңыз керек. Балаларға арналған ойын-сауық көп, әуежайдан қонақүйге жету қиын емес, теңіз тынық, таяз.

Вьетнамдық Муйне және Фатьет курорттары отбасылық демалыс үшін мүлдем жарамсыз. Онда балалар инфрақұрылымы нашар дамыған, теңіз терең, жағажайы малтатасты болып келеді.

Қай елдің теңізі мен жағажайы жақсы?

Таиландтық жағажайлар вьетнамдық жағажайларға қарағанда жақсырақ және «жұмақтық жағажай» бейнесіне көбірек сай келеді. Ол жердің суы таза, қоқыс жоқтың қасы, ал вьетнамдықтар тазалықты сақтауда сәл артта қалған десе болады.

Таиландтағы курортқа таңдау көп, ел Оңтүстік Қытаймен ғана емес, Андаман теңізімен де шектеседі. Таиландта оңаша демалыс үшін көптеген аралдар бар.

Вьетнамдағы ең жақсы жағажайларды Фукуок аралында табуға болады, ал Муйнде жағажайлар жүзуге мүлдем жарамсыз. Нячанга жағажайлары орташа деңгейде.

Көрікті жерлері, табиғаты мен мәдениеті

Екі елдің табиғаты ұқсас: сарқырамалар, таулар, аралдар мен үңгірлер, өзендер, джунглилер және жануарлар мен жағажайлар - бір сөзбен айтқанда тропиктік табиғат. Бірақ мәдениеті мен көрікті жерлері мүлдем басқа. Вьетнамда көптеген отаршылдық сәулет өнері сақталған, көне көрікті жерлер аз, негізінен табиғи орындар көп. Таиланд көне ескерткіштер мен әдемі ғибадатханаларға толы.

Көрікті жерлерді ұнататындар мен шынайылықты сүйетіндер Вьетнамда демалғаны дұрыс: ал Таиланд курортының айтарлықтай ұлттық бояуы жоқ.

Ойын-сауық және экскурсия

Екі елде де экскурсиялық демалыс жақсы дамыған, аттракциондар мен жағажай инфрақұрылымы бар. Бірақ ересектерге арналған ойын-сауық тұрғысынан Таиланд біршама алда тұрады: танымал курорттарда бар, түнгі клуб, би кештері мен сылқым сұлуларға толы караокелер көп. Вьетнамда бұл жағынан тыныш десе болады, ашық-шашық киінген сылқым сұлулар түнгі клубқа тартпайды.

Қорытынды

Егер сіз экзотиканы жақсы көрсеңіз, Вьетнамға барыңыз. Мұнда ерекше бояулар мен сұлулық бар. Онда тамақтану, ойын-сауық, кәдесый мен қысқа уақытқа баспана жалдау арзанға түседі. Экстремалды ойын-сауық та өте көп.

Таиланд - балалармен саяхаттайтын немесе жайлы жағажай демалысын қалайтындардың таңдауы. Туристік инфрақұрылым мен қызмет көрсету жоғары деңгейде. Көптеген түнгі клубтар, жас жігерлі саяхатшыларға арналған ойын-сауық жетерлік.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.