Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың жаңа толқыны жақындап келеді, ал жеңіл нұсқада болса да, туристік маусым әлі де жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.
Сапарларға шектеулер мен кіруге тыйым салу - дельта-ковидінің таралуын тоқтату және туризмді сақтау үшін еуропалық үкіметтер қабылдаған ең кең таралған шаралар. Бұл үшін ЕО-ның кейбір елі вакцина алған туристер үшін артықшылықтар енгізді, атап айтқанда: олар үшін тестілеу немесе карантин рәсімдерін алып тастады.
Сонымен қатар, Еуропаның бірқатар елі, тіпті, үшінші елдерден вакцина салдырған саяхатшыларға кіруге рұқсат берді.
Толық екпе алған туристерді мына елдер кіргізеді:
Франция, Финляндия, Испания, Португалия, Германия, Кипр, Хорватия, Австрия, Исландия, Дания.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!