Ұшу кезінде жолаушылар отырған лайнерді найзағай соқты

Танымал Ryanair әуекомпаниясының ұшағын ұшу кезінде найзағай соқты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

The Aviation Herald порталының мәліметінше, оқиға 25 қарашада Италияның Пескаре қаласына бағыт алған ұшақта болған.

"Ryanair әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағы Бухаресттен (Румыния) Пескаре (Италия) қаласына аттанған рейсте келеңсіз жағдай болды. Пескаре қаласына жақындаған кезде ұшақты найзағай соққан", - деп жазады портал.

Соған қарамастан ұшақ италиялық қалаға сәтті қонған. Қуанышқа орай, БАҚ мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!