Ұшқыштар жолаушылардың солтүстік шұғыланы көруі үшін ұшақты кейін бұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: @aptgroves/Twitter Фото: @aptgroves/Twitter

Рейкьявиктен Манчестерге ұшқан әуекемесінің ұшқыштары жолаушылардың табиғаттың ең әдемі құбылыстарының бірін көруі үшін кейін бұрған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Мirror басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Рейкьявиктен Манчестерге ұшқан әуекемесінің ұшқыштары жолаушылардың табиғаттың ең әдемі құбылыстарының бірін көруі үшін кейін бұрған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Мirror басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жолаушылар ұшқыштардан мұндай тосын сыйды күтпеген.

"Біз әуеге көтерілдік, бір кезде ұшқыш барлық шамдарды өшірді. Сол жақта отырған адамдарға солтүстік шұғыла көрінді. Ұшқыштар 360 градус бұрылып, оң жақта отырғандарға да кереметтей сый жасады", - дейді жолаушы.

Солтүстік шұғыла дүйсенбіде, 27 ақпанда пайда болған, оны бүкіл Ұлыбританияның, соның ішінде Лондон мен Бристольдің тұрғындарына анық көрінген.

Табиғат ғажайыбын көру үшін бақылау алаңдарына көптеген адамдар жиналғаны сонша, жолдарда көліктердің кептелісі пайда болған.

Лондонда солтүстік шұғыла. Фото: Alamy Live News

Мерсисайдта солтүстік шұғыла. Фото: Dominic Darvell/pictureexclusive.com

Стокгольмде солтүстік шұғыла. Фото: TT News Agency/AFP via Getty Ima

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная